«Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі»


Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қ. Оңғалбайұлы көшесі №1

Сенім телефондары:
8(72938) 22749
8(702) 0623808

Тамақтану

Тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша

2014 жылдан бастап депутаттардың бастамасы және мектеп директорларының ұсынысы бойынша мектепте тамақтануды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жеткізушіні таңдау, тамақтану сапасына әсер ететін баға демпингіне, сондай-ақ мектеп директорларының көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге тікелей бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігінің болмауына байланысты мемлекеттік сатып алу жүйесінен шығарылды.

Бүгінгі күні орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу ережесі ҚР БҒМ 31.10.2018 ж. №598 бұйрығы бойынша  жасақталды.

Балалардың тамақтануының сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беру мақсатында Ережеде қызметкерлердің  білікті штаты бар осы қызметті көрсетуге неғұрлым дайындалған (жұмыс тәжірибесі, аспаздардың біліктілігі, технологтардың, диетологтардың,  оң сипаттамалардың, тамақ өнімдерінің өзіндік өндірісі, энергия үнемдейтін жабдықтардың болуы) жеткізушіні таңдауға мүмкіндік беретін өлшемдері  қарастырылған.

2018 жылдан бастап тамақ өнімдерін сақтау жағдайына, дайындалатын тағамдардың қауіпсіздігі мен сапасына әсер ететін мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін мемлекеттік - жекеменшік әріптестік  енгізілді.

Сондай-ақ, Ережеге сәйкес конкурстық комиссиялардың құрамына ҮЕҰ және ата-аналар қауымдастығы, қамқоршылық кеңестері, сондай-ақ қоғамдық денсаулықты сақтаудың аумақтық органдарының өкілдері енгізілген.

Ережеде өнім берушілердің жаңа  және табиғи азық-түліктерді пайдалануын қамтамасыз ету үшін өнім берушілердің мектепте  тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын азық-түліктердің өз өндірісінің болуы  (шаруашылық  немесе фермер қожалығы, жылыжай және басқалардан) және отандық өндірушілердің азық-түліктерін сатып алуы үшін  қосымша балл алуы көзделген.

  Тағамдардың, тамақ өнімдері мен аспаздық өнімдердің тұтынушылық қасиеттері, олардың органолептикалық қасиеттері, дайындау технологиялары мен шарттары балаларға арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес келуі тиіс.

Өнім беруші Шарт талаптарын бұзған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, 2018 жылғы 31 қазандағы №599 бұйрығы бойынша шарт сот тәртібімен бұзылады және осы өнім беруші жауапсыз деп жарияланады.

  2015 жылы білім алушылардың жекелеген санаттарын сапалы тамақпен қамтамасыз ету мақсатында министрлік Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп алғаш рет балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бір реттік мектепте тамақтанудың бірыңғай нормаларын әзірледі (ҚР ПП 2012 жылғы 12 наурыздағы №320  өзгерістер енгізілді).

  Бұл нормаларда балалардың ағзаға қажетті барлық микронутриенттері: дәрумендер, минералдық заттар және микроэлементтерді алуы көзделген.

  2018 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, сондай - ақ білім беру ұйымдары оқушыларының салауатты (ыстық) тамақтануына қызығушылығын арттыру мақсатында ҚР ДСМ оқу орындарында тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттар әзірленді.

2019 жылдан бастап министрлік білім беру органдары мен ұйымдарының мектептік тамақтануын ұйымдастыруына камералдық бақылау енгізді, ол объектіге бармай бақылау іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Министрлік ҚР ҚМ-мен бірлесіп Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурстық рәсімдерді электрондық форматқа ауыстыру мәселесін қарастыруда.

  Бүгінгі күні қызмет көрсетуге тұрақты бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі заңнамалық түрде мектеп қызметкерлері мен ата-аналар жұртшылығына берілген.  Әр мектепте балалардың тамақтануын бақылау үшін комиссия жұмыс істейді. Комиссияны мектеп директоры басқарады, құрамына мектеп медбикесі, педагогтар, ата-аналар комитетінің, қамқоршылық кеңесінің мүшелері кіреді.

  Тамақтануды ұйымдастыру Ережесіне сәйкес қызметті көрсетуші ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды қоса, білім алушылар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс.

Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты тұлға дайын тағамдардың сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, тағам және аспаздық өнімдерге  органолептикалық бағалау  жүргізеді.

Осылайша, қазіргі уақытта мектеп әкімшіліктеріне балалардың тамақтану сапасына ықпал етуге мүмкіндік беретін барлық қажетті жағдайлар жасалды. Бүгін, бірінші орында білім беру ұйымдары басшыларының (бракераждық комиссия төрағалары) жауапкершілігі тұрады  деп тану керек.

Осыған байланысты, мектептегі тамақтанудың сапасын арттыру жөніндегі Министрлік қызметінің негізгі бағыты - тамақтану сапасын бақылау жөніндегі бракераждық комиссиялар қызметін кеңінен ақпараттық құралдарда жариялауды қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ, балалардың тамақтануын ұйымдастыру кезінде анықталған бұзушылықтар мен одан арғы іс-әрекеттер туралы білім алушылар мен олардың ата-аналарын хабардар ету. 

Соңғы хабарлар

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

13


Мектептер


Оқушылар саны

8572

Ұлдар: 4346 (50.7%)
Қыздар: 4226 (49.3%)


Мұғалімдер саны

713

Ерлер: 95 (13.3%)
Әйелдер: 618 (86.7%)

ҚР мемлекеттік рәміздері