«Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі»


Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қ. Оңғалбайұлы көшесі №1

Сенім телефондары:
8(72938) 22749
8(702) 0623808

Бөлім жаңалықтары

21 желтоқсан 2023

ЖЫЛ ЕСЕБІ

 Түпқараған ауданы білім беру саласында 42 білім беру ұйымы қызмет етеді. Оның 29-ы мектепке дейінгі ұйым, 12 мектеп, 1 қосымша білім орталығы бар. Онда 2545 бала -мектепке дейінгі ұйымдарда, 10361 бала -мектепте, қосымша білімде – 1404 бала білім алады, 1346 педагог қызмет етеді. Білім саласындағы 2023 жылдың ішінде атқарылған жұмыстар мен нәтижелер: 2023 жылы Түпқараған ауданының мектепке дейін білім мен тәрбие жүйесінде 150 орын іске қосылды: 120 орындық 2 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылды және жұмыс жасап тұрған балабақшалар 30 орынға кеңейтілді. Нәтижесінде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту - 100%, 2-6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 95% құрады (2022 жылы – 81,3%). Ауданда 29 мектепке дейінгі ұйым бар, оның ішінде: 11 мемлекеттік, 18 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар. Онда 2545 бала тәрбиеленеді. Қыркүйек айынан бастап мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру үшін 4 млн.156 мың тг қосымша қаражат бөлінді, яғни 63 тәрбиеленуші тегін тамақтандырылады. Балабақшаларда 322 педагог жұмыс жасайды. Жыл ішінде 57 педагог біліктілігін арттырды. Қыркүйек айынан бастап 322 тәрбиешінің жалақасы 30% -ға өсті. Оқу-әдістемелік орталықтар жанынан 1 мобильді топ және балабақшалар базасында 1 құзіреттілік орталық құрылды. Ауданда 12 мектеп жұмыс жасайды: 11 жалпы білім беретін мектеп, 1 жекеменшік мектеп. Онда барлығы 10361 оқушы білім алады. ​Бүгінгі таңда ауданда үш ауысымда оқитын 2 мектеп (2080 оқушы), оқушы орынының тапшылығы бар 2 мектеп (2285 оқушы) бар. ​Үш ауысымды мектептерді жою мақсатында Ақшұқыр ауылынан «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясының жанынан 300 орындық мектептің қосымша құрылысы жүргізілуде, пайдалануға беру уақыты 2024 жылға жоспарланған. «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында А.М.Горький мектеп-лицейінің жанынан 125 орындық қосымша құрылыс пайдалануға берілді. ​Жер қойнауын пайдаланушы инвестордың есебінен Сайын Шапағатов ауылдық округінен 1200 орындық мектептің құрылысы басталды. 2024 жылы пайдалануға беріледі. Форт-Шевченко қаласынан 260 орындық кәсіптік бағдар беру және өнер мектебінің құрылысы басталды. Құрылыс 2024 жылы аяқталады. Сонымен қатар, Ақшұқыр ауылынан 60 орындық Өнер мектебінің бөлімшесі іске қосылды. Түпқараған ауданы бойынша барлық мектептердің интернет жылдамдығы -100 Мбит/с. Оның ішінде, 8 мектептің интернетке қосылу технологиясы талшықты-оптикалық байланыс желілер (ВОЛС) жүйесіне қосылған. ​2023 жылы 3 мектепті жаңарту жұмыстары (ағымдағы жөндеу, модификациялық кабинеттер сатып алу, бейнебақылау камераларын орналастыру) жүргізілді. 3 мектепке 7 физика, химия, биология кабинеттері сатып алынды және NCOC компаниясының демеушілігімен 2 мектепке STEM кабинеттері алынды. Президенттің тапсырмасы негізінде 1-4 сыныптар мен аз қамтылған отбасылардан 4838 бала 100% ыстық тамақпен қамтылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарында сақтық шаралары күшейтілді. Мекемелердің техникалық жарақтануы толықтай қол жеткізілді. Барлық білім беру ұйымдары дабыл тетігіне қосылды. Білім беру ұйымдары бейнебақылау камераларымен қамтылды, Полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылды. Білім сапасын арттыру мақсатында аудан мектептеріне кешенді талдау және зерделеу жұмыстары жоспарланып, әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясының қосымша үлесінің қолдауымен «Шалғайдағы және ауылдық мектептерді қолдау» (RARS) жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаға Ақшұқыр мектеп -лицейі қатысуда. 2 оқушымыз (Ө.Жолдасбеков атындағы Халықаралық ғылыми жоба байқауында Сансызбай Ырысжан мен Гумарова Гүлнұр - 2 орын, Москва қаласында өткен «Математика ж/е жобалау» Халықаралық ғылыми конкурсынан Гумарова Гүльнұр - 3 орын) халықаралық деңгейде өткен олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері, 5 оқушы (Көңілқос Жүсіп, Сабырбай Кәусар – Ақшұқыр мл, Жаңбырбай Хангелді, Жәңгірхан Атажан – М.Әбдіхалықов мг, Нұрасылқызы Нұрай – ғ.Айдаров атындағы №1 мл)жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобаның жеңімпазы, 46 оқушы республикалық жарыстардың жеңімпаздары атанды. 21 оқушы республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы болып, Ақшұқыр мектеп-лицейі «Үздік ауыл мектебі» номинациясын иеленіп, «100 үздік олимпиадалық мектеп» қатарына енді. Аудан бойынша білім саласында 1346 педагог жұмыс жасайды. (Оның ішінде мектепте-983 педагог, садикте – 322 педагог, қосымша білім-41). Аудандағы жалпы педагогтардың санынан біліктілік санаты бар педагогтардың үлесі – 755 педагог. 56 пайыз (педагог-шебер – 27, педагог-зерттеуші –154, педагог-сарапшы –182, педагог-модератор –326, жоғары-2, I санат -33 , II санат – 31) 2022-2023 оқу жылында 65 жас маман жұмысқа орналасты. 2023-2024 оқу жылының қарсаңында 9 білім беру ұйымы бос орындарға педагогтарды қабылдау бойынша конкурс өткізді. Конкурсқа 130 кандидаттан құжат қабылданды. Конкурс нәтижесінде 88 педагог (74 педагог жоғары оқу орнын бітірген жас мамандар) жұмысқа орналасты. Оның ішінде 3 жас маман Облыс әкімінің грантымен бітіріп келді. Қосымша біліммен қамту 81,1% өсті. Алдағы жылда ауданның білім саласындағы жоспарлы жасалатын жұмыстар қарқынды жүргізіледі.

 





21 желтоқсан 2023

ЖЫЛ ЕСЕБІ

 Түпқараған ауданы білім беру саласында 42 білім беру ұйымы қызмет етеді. Оның 29-ы мектепке дейінгі ұйым, 12 мектеп, 1 қосымша білім орталығы бар. Онда 2545 бала -мектепке дейінгі ұйымдарда, 10361 бала -мектепте, қосымша білімде – 1404 бала білім алады, 1346 педагог қызмет етеді. Білім...

19 мамыр 2023

«Ұрпақтар сабақтастығы» республикалық ата-аналар форумында айтылған ой-пікірлер.

[img=976,w=200,u=0]  [img=824,w=200,u=0]  

10 мамыр 2023

Республикалық “ Абай оқулары” байқауы

Нұрнияз Жанар-Сайын Шапағатов мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы. Республикалық “ Абай оқулары” байқауының аудандық, облыстық кезеңдерінің жеңімпазы. Ұстазы Таңбай Нұрзаданың жетекшілігімен Абай өлеңдерін сүйіп оқып, жатқа айтып келеді. Қазіргі таңда Жанар Абайдың...

10 мамыр 2023

«Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктанты өткізілді

2 мамыр 2023

Түпқараған ауданы әкімінің кезекті аппарат жиыны өтті

 Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Рахат Елтизаровтың төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Басқосуда ауданның оперативтік жағдайы, елді мекендердегі көгалдандыру жұмыстарының 2022 жылғы атқарылған жұмыстары мен 2023 жылғы жұмыстары мен 2023-2028 жылдарға...

12 сәуір 2023

Ауданның білім саласы бойынша атқарылған жұмыстары туралы

 Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Қоғамдық Кеңесінің жоспарлы кезекті отырысы болып өтті. Отырысқа Қоғамдық Кеңес мүшелерімен бірге аудандық мәслихат төрағасы А.Ж.Нугманов, мәслихат депутаттары- Е. Естурлиев, О. Нұрболған, Н. Тлепов, аудан әкімінің орынбасары...

23 қыркүйек 2022

Түпқараған ауданы бойынша 2021-2022 оқу жылының қорытындысы және білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар туралы

 Маңғыстау облысының білім басқармасында ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні білім саласының өзекті мәселелері бойынша кезекті алқа отырысы өтті. Алқа отырысына алқа мүшелері, аудандық, қалалық білім бөлімдері мен әдістемелік орталықтардың басшылары, білім басқармасына...

25 тамыз 2022

Түпқараған аудандық филиалы жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

 Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 25 күні "Amanat" партиясы Түпқараған аудандық филиалы жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыста білім бөлімінің басшысы А.Утесбаева «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» жол картасының 79 және...

16 тамыз 2022

Түпқараған ауданы әкімінің кезекті аппарат жиыны өтті

Аудан әкімі Рахат Елтизаровтың төрағалығымен кезекті аппарат жиыны болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен квазимемлекеттік мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде аудандағы білім беру ұйымдарының 2022-2023 оқу жылдарына дайындығы...

21 шілде 2022

Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Д. Жұмашеваның төрағалығымен өткен аппараттық жиналыс

Ағымдағы жылдың 21 шілде күні білім басқармасының басшысы Д.Жұмашеваның төрағалығымен аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен, облыстық оқу-әдістемелік орталықтың басшылық құрамымен отырыс өтті. Отырыс барысында жаңа оқу жылына дайындық, қауіпсіздік және...

12 мамыр 2022

Aудандағы білім беру ұйымдарында жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтырылу демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері туралы

2022 жылғы 12 мамырда Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту мәселелері бойынша семинар-кеңес...

6 желтоқсан 2021

«Nur Otan» партиясы Түпқараған аудандық филиалы жанындағы ауданның дамуы жөніндегі және білім мен ғылымды дамыту, ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті

2021 жылдың 06 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Түпқараған аудандық филиалы жанындағы ауданның дамуы жөніндегі және білім мен ғылымды дамыту, ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа: «Nur Otan» партиясы Түпқараған аудандық филиалы...

8 қыркүйек 2021

«Қауіпсіз мектеп автобусы» ресубликалық акциясы

Түпқараған ауданы бойынша білім бөліміне қарасты мектептерде ағымдағы жылдың 09 тамызынан 20 қыркүйегіне дейінгі аралықта жыл сайынғы  «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы өткізілуде. Акция аясында білім беру ұйымдарында ата-аналар қоғамдастығы, мүдделі органдар...

2 қыркүйек 2021

NCOC компаниясы биыл 1-сыныпқа баратын 100 балаға сөмке және оқу құралдарымен көмек көрсетті

Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі 1 қыркүйек – Білім күніне орай, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың...

31 тамыз 2021

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Түпқараған аудандық мәдениет үйі ғимаратында «Білім мен ғылым- елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы Түпқараған ауданы педагогтерінің тамыз конференциясының пленарлық отырысы болып өтті.Конференцияға Түпқараған ауданының әкімі Қосуақов Айбек Қосуақұлы,...

29 тамыз 2021

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫНА ОҚУЛЫҚТАР ЖЕТКІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы негізінде білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша қайта басылып шығатын 1 сынып оқулықтары мен оқу - әдістемелік құралдарына және 3,7,8 сыныптарға информатика оқулықтарын және...

27 тамыз 2021

БИЫЛ ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫНДА 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ МЕКТЕПКЕ БАРАДЫ

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Түпқараған ауданы білім бөлімінің басшысы Айбаршын Өтесбаева мәлім етті.Оның айтуынша, ауданда жаңа оқу жылында мектепке барлығы 9300 оқушы барады. Өткен жылмен салыстырғанда 556 оқушыға артып отыр. Жаңа оқу...

27 тамыз 2021

ТҮПҚАРАҒАНДЫҚ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін, 26 тамыз күні Маңғыстау облысы педагогикалық қызметкерлерінің «Білім мен ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында өткен облыстық тамыз конференциясында облыс әкімі С.Трұмов ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтап, білім саласында еңбегі сіңірген,...

27 тамыз 2021

Түпқараған ауданы бойынша 16 түлек жергілікті бюджет есебінен бөлінген білім беру грантын иеленді

Түпқараған ауданы бойынша 16 түлек жергілікті бюджет есебінен бөлінген білім беру грантын иеленді. Оның ішінде педагогикалық мамандықты таңдаған – 6.Педагогикалық мамандықты таңдаған түлектердің 4-і арнайы педагогиканы таңдаған, математика дұғалімін даярлау – 1, шетел...

23 тамыз 2021

БИЫЛ ТҮПҚАРАҒАНДА 1085 БАЛА БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРАДЫ

Бұл туралы Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Айбаршын Утесбаева мәлім етті.“Ауданда білім саласының жаңа оқу жылына дайындығы қарқынды жүруде. Ауданда 11 жалпы білім беру мекемесі бар. Жаңа оқу жылын аудан мектептері 1-11 - сыныптарды 9300 оқушы, оның ішінде...

22 тамыз 2021

“ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТТАҒЫ ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ”

Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Айбаршын Утесбаева алдағы оқу жылын дәртүрлі форматта өткізуге дайындалып жатқанын, бірақ соңғы шешім эпидемиологиялық ахуалға қарай Бас санитар дәрігердің шешіміне байланысты болатынын жеткізді.Мектептердегі...

13 тамыз 2021

«Nur Otan» партиясы Түпқараған аудандық филиалы депутаттық фракция отырысы өтті

 Ағымдағы жылдың тамыз айының 13 күні «Nur Otan» партиясы Түпқараған аудандық филиалы депутаттық фракция отырысы өтті. Фракция мүшелері, мәслихат депутаттары, бөлім басшылары қатысқан жиын барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Елдіктің жеті...

6 тамыз 2021

ХАБАРЛАНДЫРУ

Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі 2021-2022 оқу жылына Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім...

6 тамыз 2021

“ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТТАҒЫ ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Айбаршын Утесбаева алдағы оқу жылын дәртүрлі форматта өткізуге дайындалып жатқанын, бірақ соңғы шешім эпидемиологиялық ахуалға қарай Бас санитар дәрігердің шешіміне байланысты болатынын жеткізді.Мектептердегі...

Соңғы хабарлар

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

13


Мектептер


Оқушылар саны

8572

Ұлдар: 4346 (50.7%)
Қыздар: 4226 (49.3%)


Мұғалімдер саны

713

Ерлер: 95 (13.3%)
Әйелдер: 618 (86.7%)

ҚР мемлекеттік рәміздері