6 сәуір 2020
Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту
Қымбатты ата-аналар, оқушылар! Өздеріңізбен бірге 4-оқу тоқсанын да бастап кеттік! «Көз-қорқақ, қол-батыр» деген, бірнеше күннен бері мобильді құрылғылар түгелдеп, интернет желісін іздестіріп, дайындық жасап, сынама қашықтық сабағын өткізіп, міне, алғашқы оқу күнінің де нәтижесін көріп отырмыз. Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту (қашықтықтан оқыту) дегеніміз-интернет ресурстар мен ТВ-телесабақтар арқылы жүзеге асырылатын және оқу процесіне тән компоненттерді қамтитын, педагог пен білім алушылардың өзара әрекеттестігі. Әр мектеп ұжымы балалардың барлық мүмкіншіліктерін ескере отырып, осы оқытудың берілген 3 форматының тиімдісін таңдап, оқушылармен алғашқы сабақ күнін ұйымдастырды. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін мұғалімдер WhatsАpp, Bilimland, Google ClassRoom сияқты интернет ресурстарын пайдаланды. Оқушыларымыз өздеріне берілген жаңа сабақ материалдарын, «Еларна», «Балапан» телеарналары арқылы жіберілген телесабақтарды қарап, кері байланысын жасап отырды. Еліміздің білім беру жүйесінде алғаш рет ұйымдастырылған қашықтықтан оқытуға Түпқараған ауданынан 8199 оқушы мен 646 мұғалім қатысты.Бір оқушы ғана денсаулығына байланысты қатыса алмады. Оқушылармен барлығы 1672 сабақ өткізілді,оның 1539-ы WhatsАpp желісінде, 96 сабақ ClassRoom-мен, 37 сабақ Tеlegrаm платформасында өтті. Ауданның 95 пайы мұғалімі сабақ өткізуге қатысты(5 пайызы-сабағы жоқ ұстаздар). Оқушылардың қатысы-99,9 пайыз.
Қашықтықтан оқытудың қорқатындай ештеңесі жоқ екен!
Ата-аналарымыздан келіп жатырған жақсы пікірдегі смс-хабарламалар мен оқушыларымыздың жасаған кері байланыстары көңілдегі көп күдікті сейілтіп,ұстаздарымызға алдағы жұмысқа үлкен мотивация берді. Баласымен бірге қашықтықтан сабақ оқуға отырған ата-ананың бірі:
«Бейне бір, баламыз жоғары оқу орнына түсетіндей қобалжыдық» десе, екінші ата-ана: «Балапан» телеарнасының сабағы өте ұнады, ағылшын тілін оңай, тез орындап бердік» деді. Сонымен бірге, мұғалімнің мүмкіндігі шектеулі баламен өткізген сабағына риза боп, алғыс айтқан ата-ана да бар. Бастауыш сынып оқушысының ата-анасы баласының телеарнадағы сабақты өз ұстазы өткізеді деп күткенін, сынып жетекшісін іздегенін жазып жатыр. Десек те, мектеп ғимаратында, ұстаздарымен бірге өткізген дәстүрлі,қалыпты сабағымызға ешқандай сабақ жетпейтіні аян! Ол күн де алыс емес, ата-аналар! Сіздерге бүгінгі сабаққа ұстаздардан кем дайындалмай, балаларыңызға үйден жағдай жасап, осы бір қиын кезде бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Ауданның қашықтықтан оқыту жұмысы Түпқараған аудандық білім бөлімі, аудандық білім жүйесін дамыту орталығы арқылы қадағаланып отыратынын, күн сайын Сіздермен жаңалықтар мен жақсы хабарлармен бөлісіп тұратынымды жеткіземін.
8 сәуір 2020
Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту
Қашықтықтан оқытудың 3-күнін де еңсердік.6 сәуір 2020
Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту
Қымбатты ата-аналар, оқушылар! Өздеріңізбен бірге 4-оқу тоқсанын да бастап кеттік!24 сәуір 2019
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call Центр
...11 ақпан 2019
Электрондық үкімет
«Электрондық үкімет» - мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе.9 қыркүйек 2018
2018-2019 оқу жылына Ыстық және қоғамдық тамақтың сапасын қадағалау комиссиясының бұйрығы
...6 сәуір 2018
Кəсіптік бағдар беру
Ағымдағы жылдың 5 сəуір күні Семей Геологиялық барлау колледжінің Батыс аймақтық менеджері А.Р.Назарова аудан бойынша Е.Өмірбаев о/м, Ж.Мыңбаев м/г, М.Горький м/л, Жекелеген пəндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатының 9-11 сынып оқушыларына кəсіптік бағдар беру мақсатында түсінік жұмыстарын жүргізді.5 сәуір 2018
Назарбаев Зияткерлік Мектебінде өткен практикалық семинар
Маңғыстау облыстық білім басқармасы мен Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі арасындағы меморандумға сəйкес, Түпқараған аудандық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 27 наурыз күні Түпқараған ауданының 130-дан астам мұғалімі Назарбаев Зияткерлік Мектебіне практикалық семинарға қатысты.16 ақпан 2018
«Шығармашыл ұстаз» байқауы
Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатында «Шығармашыл ұстаз» байқауының аудандық кезеңі өтті.15 ақпан 2018
«Үздік сынып жетекші-2018» аудандық байқауы
Аудандық білім үйлестіру орталығының іс-қимыл жоспарына сәйкес, жалпы орта білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субъектілерінің құзырлығын дамыту, сынып жетекшілерінің имиджін көтеру мақсатында 2018 жылдың 14 ақпан күні Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Үздік сынып жетекші- 2018» аудандық байқауы өткізілді.1 ақпан 2018
Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама
Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есін мүсәтір арқылы жиғызуға тырыспаңыз.1 ақпан 2018
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар туралы ЖАДЫНАМА
Мақсаты: Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін арнайы және құқық қорғау органдарының жұмысына қоғамның және бизнес-қауымдастықтың оң көзқарастарын, сондай-ақ объект басшыларының (орта және ірі бизнес) әр түрлі меншік формаларындағы объектілердің қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы көзқарастарын қалыптастыру.26 қаңтар 2018
Астана, Шымкент және Ақтөбе қалалары республикада алғаш рет жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жоспарлауда
2018 жылғы қыркүйектен бастап Шымкент қаласының жекеменшік мектептерінде жергілікті бюджет есебінен 3310орынды қамтамасыз ететін мемлекеттік тапсырыс орналастырылмақ.15 желтоқсан 2016
Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықты болдырмау және алдын алу бағытындағы жұмыстар
Түпқараған аудандық білім бөлімі мемлекеттік бағдарламаларды орындау және тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға байланысты ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні «Дарын» қосымша білім беру орталығының ғимаратында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтарының қатысуымен жиналыс өткізілді.15 желтоқсан 2016