0
Түпқараған ауданы әкімінің кезекті аппарат жиыны өтті
Аудан әкімі Рахат Елтизаровтың төрағалығымен кезекті аппарат жиыны болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен квазимемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде аудандағы білім беру ұйымдарының 2022-2023 оқу жылдарына дайындығы қаралды.
Аудандағы білім беру ұйымдарының 2022-2023 оқу жылдарына дайындығы туралы білім бөлімінің басшысы А. Утесбаева ақпарат беріп өтті.
«Балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту бағыты бойынша бүгінде 27 мектепке дейінгі ұйымда 2385 бала тәрбиеленуде. 3-6 жастағы балалар балабақшамен толық қамтылды. 2-6 жас аралығында мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 73,5% болды (кезекте 1417 бала тұр). Осы мәселені шешу мақсатында биылғы жылы 225 орындық 3 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарланды (Сайын Шапагатов - 2, Форт-Шевченко-1). Бүгінгі таңда 150 орындық 2 жекеменшік балабақша ашылды (Сайын Шапагатов - 2). Жыл соңына дейін 75 орындық 1 балабақша ашылады» деді А. Өтесбаева.
Айбаршын Қуанышқалиқызы күндізгі мемлекеттік мектептердің жалпы санынан апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептердің үлесі бойынша да атап өтті.
- «Өткен оқу жылының аяғында 2 үш ауысымды мектеп болды. Биыл Сайын Шапағатов ауылдық округінен 130 орындық 1 жекеменшік бастауыш мектеп ашылады. (Бала саны -125. Сынып саны - 4). Оқушылар мемлекеттік тапсырыс арқылы тегін қабылданатын болады. Аудандағы 2 мектеп үш ауысымда оқытыла береді. Жалпы 2021-2025 жылдары Маңғыстау облысының кешенді жоспары шеңберінде ауданда 4 нысан пайдалануға беру жоспарланды. «Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылындағы М. Әбдіқалықов атындағы мектеп-гимназияны реконструкциялау және 300 оқушы орнына арналған оқу корпусын салу» бойынша ТОО ЕВРОСТРОЙ-А мекемесімен келісім шарт жасалды. Қазіргі таңда жұмыс басталды. Сайын Шапағатов ауылдық округінің 6 кварталынан 1200 орынға арналған жалпы білім беру мектебінің құрылысы басталды. Мердігер «Ондасын строй» ЖШС. Ақшұқыр ауылынан алдағы 5 жылда берілетін участоктар саны мен халық саны анықталды. Ақшұқыр ауылы әкімі аппаратының мәліметі бойынша 5 жылға халық саны 2250-ге, берілетін участок – 1000-ға көбейеді деп жоспарланып отыр. Халық саны көбейген жағдайда, елді мекеннен 2000 орындық мектеп салу қажеттілігі туындайды. Сонымен бірге, Форт-Шевченко қаласында 8236 халық бар. Алдағы уақытта 7 квартал, 900 участок беріледі деп жоспарлануда. Бұл учатоктар Форт-Шевченко қаласы, Жаңа кетік кварталынан 900 орындық 1 мектеп қажеттілігі туындайды» - деді А. Утесбаева.
Жиын соңында аудан әкімі Р. Елтизаров мәселелерді ескере отырып, қала, ауыл әкімдері мен бірқатар бөлім басшыларына бірнеше тапсырма жүктеп, тұрғындарға қызмет көрсетудегі сапаны арттыруды тапсырды.
8 сәуір 2020
Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту
Қашықтықтан оқытудың 3-күнін де еңсердік.6 сәуір 2020
Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту
Қымбатты ата-аналар, оқушылар! Өздеріңізбен бірге 4-оқу тоқсанын да бастап кеттік!24 сәуір 2019
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call Центр
...11 ақпан 2019
Электрондық үкімет
«Электрондық үкімет» - мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе.9 қыркүйек 2018
2018-2019 оқу жылына Ыстық және қоғамдық тамақтың сапасын қадағалау комиссиясының бұйрығы
...6 сәуір 2018
Кəсіптік бағдар беру
Ағымдағы жылдың 5 сəуір күні Семей Геологиялық барлау колледжінің Батыс аймақтық менеджері А.Р.Назарова аудан бойынша Е.Өмірбаев о/м, Ж.Мыңбаев м/г, М.Горький м/л, Жекелеген пəндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатының 9-11 сынып оқушыларына кəсіптік бағдар беру мақсатында түсінік жұмыстарын жүргізді.5 сәуір 2018
Назарбаев Зияткерлік Мектебінде өткен практикалық семинар
Маңғыстау облыстық білім басқармасы мен Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі арасындағы меморандумға сəйкес, Түпқараған аудандық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 27 наурыз күні Түпқараған ауданының 130-дан астам мұғалімі Назарбаев Зияткерлік Мектебіне практикалық семинарға қатысты.16 ақпан 2018
«Шығармашыл ұстаз» байқауы
Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатында «Шығармашыл ұстаз» байқауының аудандық кезеңі өтті.15 ақпан 2018
«Үздік сынып жетекші-2018» аудандық байқауы
Аудандық білім үйлестіру орталығының іс-қимыл жоспарына сәйкес, жалпы орта білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субъектілерінің құзырлығын дамыту, сынып жетекшілерінің имиджін көтеру мақсатында 2018 жылдың 14 ақпан күні Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Үздік сынып жетекші- 2018» аудандық байқауы өткізілді.1 ақпан 2018
Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама
Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есін мүсәтір арқылы жиғызуға тырыспаңыз.1 ақпан 2018
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар туралы ЖАДЫНАМА
Мақсаты: Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін арнайы және құқық қорғау органдарының жұмысына қоғамның және бизнес-қауымдастықтың оң көзқарастарын, сондай-ақ объект басшыларының (орта және ірі бизнес) әр түрлі меншік формаларындағы объектілердің қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы көзқарастарын қалыптастыру.26 қаңтар 2018
Астана, Шымкент және Ақтөбе қалалары республикада алғаш рет жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жоспарлауда
2018 жылғы қыркүйектен бастап Шымкент қаласының жекеменшік мектептерінде жергілікті бюджет есебінен 3310орынды қамтамасыз ететін мемлекеттік тапсырыс орналастырылмақ.15 желтоқсан 2016
Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықты болдырмау және алдын алу бағытындағы жұмыстар
Түпқараған аудандық білім бөлімі мемлекеттік бағдарламаларды орындау және тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға байланысты ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні «Дарын» қосымша білім беру орталығының ғимаратында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтарының қатысуымен жиналыс өткізілді.15 желтоқсан 2016