«Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі»


Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қ. Оңғалбайұлы көшесі №1

Сенім телефондары:
8(72938) 22749
8(702) 0623808

Бөлім жаңалықтары

0

ЖЫЛ ЕСЕБІ

 Түпқараған ауданы білім беру саласында 42 білім беру ұйымы қызмет етеді. Оның 29-ы мектепке дейінгі ұйым, 12 мектеп, 1 қосымша білім орталығы бар. Онда 2545 бала -мектепке дейінгі ұйымдарда, 10361 бала -мектепте, қосымша білімде – 1404 бала білім алады, 1346 педагог қызмет етеді. Білім саласындағы 2023 жылдың ішінде атқарылған жұмыстар мен нәтижелер: 2023 жылы Түпқараған ауданының мектепке дейін білім мен тәрбие жүйесінде 150 орын іске қосылды: 120 орындық 2 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылды және жұмыс жасап тұрған балабақшалар 30 орынға кеңейтілді. Нәтижесінде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту - 100%, 2-6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 95% құрады (2022 жылы – 81,3%). Ауданда 29 мектепке дейінгі ұйым бар, оның ішінде: 11 мемлекеттік, 18 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар. Онда 2545 бала тәрбиеленеді. Қыркүйек айынан бастап мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру үшін 4 млн.156 мың тг қосымша қаражат бөлінді, яғни 63 тәрбиеленуші тегін тамақтандырылады. Балабақшаларда 322 педагог жұмыс жасайды. Жыл ішінде 57 педагог біліктілігін арттырды. Қыркүйек айынан бастап 322 тәрбиешінің жалақасы 30% -ға өсті. Оқу-әдістемелік орталықтар жанынан 1 мобильді топ және балабақшалар базасында 1 құзіреттілік орталық құрылды. Ауданда 12 мектеп жұмыс жасайды: 11 жалпы білім беретін мектеп, 1 жекеменшік мектеп. Онда барлығы 10361 оқушы білім алады. ​Бүгінгі таңда ауданда үш ауысымда оқитын 2 мектеп (2080 оқушы), оқушы орынының тапшылығы бар 2 мектеп (2285 оқушы) бар. ​Үш ауысымды мектептерді жою мақсатында Ақшұқыр ауылынан «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясының жанынан 300 орындық мектептің қосымша құрылысы жүргізілуде, пайдалануға беру уақыты 2024 жылға жоспарланған. «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында А.М.Горький мектеп-лицейінің жанынан 125 орындық қосымша құрылыс пайдалануға берілді. ​Жер қойнауын пайдаланушы инвестордың есебінен Сайын Шапағатов ауылдық округінен 1200 орындық мектептің құрылысы басталды. 2024 жылы пайдалануға беріледі. Форт-Шевченко қаласынан 260 орындық кәсіптік бағдар беру және өнер мектебінің құрылысы басталды. Құрылыс 2024 жылы аяқталады. Сонымен қатар, Ақшұқыр ауылынан 60 орындық Өнер мектебінің бөлімшесі іске қосылды. Түпқараған ауданы бойынша барлық мектептердің интернет жылдамдығы -100 Мбит/с. Оның ішінде, 8 мектептің интернетке қосылу технологиясы талшықты-оптикалық байланыс желілер (ВОЛС) жүйесіне қосылған. ​2023 жылы 3 мектепті жаңарту жұмыстары (ағымдағы жөндеу, модификациялық кабинеттер сатып алу, бейнебақылау камераларын орналастыру) жүргізілді. 3 мектепке 7 физика, химия, биология кабинеттері сатып алынды және NCOC компаниясының демеушілігімен 2 мектепке STEM кабинеттері алынды. Президенттің тапсырмасы негізінде 1-4 сыныптар мен аз қамтылған отбасылардан 4838 бала 100% ыстық тамақпен қамтылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарында сақтық шаралары күшейтілді. Мекемелердің техникалық жарақтануы толықтай қол жеткізілді. Барлық білім беру ұйымдары дабыл тетігіне қосылды. Білім беру ұйымдары бейнебақылау камераларымен қамтылды, Полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылды. Білім сапасын арттыру мақсатында аудан мектептеріне кешенді талдау және зерделеу жұмыстары жоспарланып, әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясының қосымша үлесінің қолдауымен «Шалғайдағы және ауылдық мектептерді қолдау» (RARS) жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаға Ақшұқыр мектеп -лицейі қатысуда. 2 оқушымыз (Ө.Жолдасбеков атындағы Халықаралық ғылыми жоба байқауында Сансызбай Ырысжан мен Гумарова Гүлнұр - 2 орын, Москва қаласында өткен «Математика ж/е жобалау» Халықаралық ғылыми конкурсынан Гумарова Гүльнұр - 3 орын) халықаралық деңгейде өткен олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері, 5 оқушы (Көңілқос Жүсіп, Сабырбай Кәусар – Ақшұқыр мл, Жаңбырбай Хангелді, Жәңгірхан Атажан – М.Әбдіхалықов мг, Нұрасылқызы Нұрай – ғ.Айдаров атындағы №1 мл)жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобаның жеңімпазы, 46 оқушы республикалық жарыстардың жеңімпаздары атанды. 21 оқушы республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы болып, Ақшұқыр мектеп-лицейі «Үздік ауыл мектебі» номинациясын иеленіп, «100 үздік олимпиадалық мектеп» қатарына енді. Аудан бойынша білім саласында 1346 педагог жұмыс жасайды. (Оның ішінде мектепте-983 педагог, садикте – 322 педагог, қосымша білім-41). Аудандағы жалпы педагогтардың санынан біліктілік санаты бар педагогтардың үлесі – 755 педагог. 56 пайыз (педагог-шебер – 27, педагог-зерттеуші –154, педагог-сарапшы –182, педагог-модератор –326, жоғары-2, I санат -33 , II санат – 31) 2022-2023 оқу жылында 65 жас маман жұмысқа орналасты. 2023-2024 оқу жылының қарсаңында 9 білім беру ұйымы бос орындарға педагогтарды қабылдау бойынша конкурс өткізді. Конкурсқа 130 кандидаттан құжат қабылданды. Конкурс нәтижесінде 88 педагог (74 педагог жоғары оқу орнын бітірген жас мамандар) жұмысқа орналасты. Оның ішінде 3 жас маман Облыс әкімінің грантымен бітіріп келді. Қосымша біліммен қамту 81,1% өсті. Алдағы жылда ауданның білім саласындағы жоспарлы жасалатын жұмыстар қарқынды жүргізіледі.

 





8 сәуір 2020

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту

Қашықтықтан оқытудың 3-күнін де еңсердік. 

6 сәуір 2020

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту

Қымбатты ата-аналар, оқушылар! Өздеріңізбен бірге 4-оқу тоқсанын да бастап кеттік!  

24 сәуір 2019

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call Центр

...

11 ақпан 2019

Электрондық үкімет

«Электрондық үкімет» - мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге  арналған  мемлекеттік органдардың ақпараттық  жүйелерін біріктіретін  жалпы мемлекеттік жүйе. 

9 қыркүйек 2018

2018-2019 оқу жылына Ыстық және қоғамдық тамақтың сапасын қадағалау комиссиясының бұйрығы

...

6 сәуір 2018

Кəсіптік бағдар беру

Ағымдағы жылдың 5 сəуір күні Семей Геологиялық барлау колледжінің Батыс аймақтық менеджері А.Р.Назарова аудан бойынша Е.Өмірбаев о/м, Ж.Мыңбаев м/г, М.Горький м/л, Жекелеген пəндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатының 9-11 сынып оқушыларына кəсіптік бағдар беру мақсатында түсінік жұмыстарын жүргізді.  

5 сәуір 2018

Назарбаев Зияткерлік Мектебінде өткен практикалық семинар

Маңғыстау облыстық білім басқармасы мен Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі арасындағы меморандумға сəйкес, Түпқараған аудандық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 27 наурыз күні Түпқараған ауданының 130-дан астам мұғалімі Назарбаев Зияткерлік Мектебіне практикалық семинарға қатысты.  

16 ақпан 2018

«Шығармашыл ұстаз» байқауы

Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні Жекелеген пәндерді  тереңдетіп  оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатында «Шығармашыл ұстаз» байқауының аудандық кезеңі өтті. 

15 ақпан 2018

«Үздік сынып жетекші-2018» аудандық байқауы

Аудандық білім үйлестіру орталығының іс-қимыл жоспарына сәйкес, жалпы орта білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субъектілерінің құзырлығын дамыту, сынып жетекшілерінің имиджін көтеру мақсатында 2018 жылдың 14 ақпан күні Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Үздік сынып жетекші- 2018» аудандық байқауы өткізілді. 

1 ақпан 2018

Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есін мүсәтір арқылы жиғызуға тырыспаңыз. 

1 ақпан 2018

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар туралы ЖАДЫНАМА

Мақсаты: Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін арнайы және құқық қорғау органдарының жұмысына қоғамның және бизнес-қауымдастықтың оң көзқарастарын, сондай-ақ объект басшыларының (орта және ірі бизнес) әр түрлі меншік формаларындағы объектілердің қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы көзқарастарын қалыптастыру. 

26 қаңтар 2018

Астана, Шымкент және Ақтөбе қалалары республикада алғаш рет жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жоспарлауда

2018 жылғы қыркүйектен бастап Шымкент қаласының жекеменшік мектептерінде жергілікті бюджет есебінен 3310орынды қамтамасыз ететін мемлекеттік тапсырыс орналастырылмақ.  

15 желтоқсан 2016

Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықты болдырмау және алдын алу бағытындағы жұмыстар

Түпқараған аудандық білім бөлімі  мемлекеттік  бағдарламаларды  орындау  және тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға  байланысты  ағымдағы  жылдың 12 желтоқсан  күні  «Дарын» қосымша  білім беру орталығының  ғимаратында мектеп директорларының  тәрбие  ісі  жөніндегі орынбасарлары мен психологтарының қатысуымен жиналыс өткізілді. 

15 желтоқсан 2016

Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні аудан мектептерінде Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматын түсіндіру мақсатында Түпқараған аудандық білім бөлімі мен облыстық білім басқармасымен бірлескен жиналыс өткізілді. 

Соңғы хабарлар

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

13


Мектептер


Оқушылар саны

8572

Ұлдар: 4346 (50.7%)
Қыздар: 4226 (49.3%)


Мұғалімдер саны

713

Ерлер: 95 (13.3%)
Әйелдер: 618 (86.7%)

ҚР мемлекеттік рәміздері