0
АРМАНЫ АСҚАҚ ЖАС АНИМАТОР
АРМАНЫ АСҚАҚ ЖАС АНИМАТОР
Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылының М.Әбдіхалықов атындағы метеп-гимназиясында 9-сынып оқитын Нұрланқызы Азиза мультипликация, анимация жасаумен айналысады.
Тіпті болашақ мамандығын да осы саладан көретін Азиза бұл мамандықты 7-сынып оқып жүргенде таңдап қойған. Қазір тек осы бағытта түрлі аудандық, облыстық, республикалық байқауларға анимация жасап, мультипликация желісінде жұмыстарын ұсынып, іздену, тынымсыз еңбек ету үстінде.
Болашақ аниматор, мультипликатор Азиза бұл бүгінде бұл салада мультипликаторлар еңбек нарығында 72 % сұраныста, ең қажетті мамандар қатарында екенін де зерттеп үлгерген. Одан бөлек, болашақта Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында осы бағыт бойынша жоғары білім алуды мақсат етіп алдына қойған.
Бала күнінен сурет салудағы ерекше қабілеті, ізденуге құштарлығын байқаған ата-анасы Азизаны бірден Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы өнер мектебінің бейнелеу үйірмесіне береді. Оған дейін сол өнер мектебінің қобыз сыныбын бітірген Азиза үшін бұл қабілеттердің барлығы жаңа туынды жасауына көмектеседі екен. Ол қазақтан шыққан тұңғыш мультипликатор-аниматор Әмен Әбуханұлы Қайдаров есімімен байланысты бұл сала туралы көп ізденгенін байқатты.
-Мультипликатор–мультфильмдер жасайтын суретші дегенді білдіреді. Аниматор кейіпкерлердің сыртқы түрін анықтайды.Қимылын сызып, сюжеттік желімен жұмыс жасайды. Оған түс пен қиялды қосыңыз. Барлығы қосылып сіз көретін мультфильм, анимациялық фильмді құрайды. Суретті бала күнімнен салып жүргендіктен, оны соткада түрлі графикалық бағдарламаларды қолданып салуды үйрене бастадым. Содан бастап, мен алғаш қызғушылығым оянып, ата-анамнан графикалық суреттерді салатын планшетте жұмыс жасағым келетінін жеткізгем. Ата-анам сөзімді жерге тастамай, бірден барлық шығармашылық қолдау білдірді. Содан бастап, барлық байқауларға қатыса бастадым. Арманым осы саалның білікті маманы болу. Бұл бағытта білім беретін еліміздегі және шет елдердегі білім ошақтарын да өздігімнен ізденіп, танысып шықтым. Осы салада жеке анимациялық студия ашуға, телеарналарға орналасуға, киностудияларға жұмысқа тұруға, фриланс қызметін ұсынып, продюсер болуға да болады. Бұл табысты мамандық, - дейді Азиз
8 сәуір 2020
Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту
Қашықтықтан оқытудың 3-күнін де еңсердік.6 сәуір 2020
Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту
Қымбатты ата-аналар, оқушылар! Өздеріңізбен бірге 4-оқу тоқсанын да бастап кеттік!24 сәуір 2019
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call Центр
...11 ақпан 2019
Электрондық үкімет
«Электрондық үкімет» - мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе.9 қыркүйек 2018
2018-2019 оқу жылына Ыстық және қоғамдық тамақтың сапасын қадағалау комиссиясының бұйрығы
...6 сәуір 2018
Кəсіптік бағдар беру
Ағымдағы жылдың 5 сəуір күні Семей Геологиялық барлау колледжінің Батыс аймақтық менеджері А.Р.Назарова аудан бойынша Е.Өмірбаев о/м, Ж.Мыңбаев м/г, М.Горький м/л, Жекелеген пəндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатының 9-11 сынып оқушыларына кəсіптік бағдар беру мақсатында түсінік жұмыстарын жүргізді.5 сәуір 2018
Назарбаев Зияткерлік Мектебінде өткен практикалық семинар
Маңғыстау облыстық білім басқармасы мен Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі арасындағы меморандумға сəйкес, Түпқараған аудандық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 27 наурыз күні Түпқараған ауданының 130-дан астам мұғалімі Назарбаев Зияткерлік Мектебіне практикалық семинарға қатысты.16 ақпан 2018
«Шығармашыл ұстаз» байқауы
Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатында «Шығармашыл ұстаз» байқауының аудандық кезеңі өтті.15 ақпан 2018
«Үздік сынып жетекші-2018» аудандық байқауы
Аудандық білім үйлестіру орталығының іс-қимыл жоспарына сәйкес, жалпы орта білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субъектілерінің құзырлығын дамыту, сынып жетекшілерінің имиджін көтеру мақсатында 2018 жылдың 14 ақпан күні Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Үздік сынып жетекші- 2018» аудандық байқауы өткізілді.1 ақпан 2018
Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама
Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есін мүсәтір арқылы жиғызуға тырыспаңыз.1 ақпан 2018
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар туралы ЖАДЫНАМА
Мақсаты: Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін арнайы және құқық қорғау органдарының жұмысына қоғамның және бизнес-қауымдастықтың оң көзқарастарын, сондай-ақ объект басшыларының (орта және ірі бизнес) әр түрлі меншік формаларындағы объектілердің қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы көзқарастарын қалыптастыру.26 қаңтар 2018
Астана, Шымкент және Ақтөбе қалалары республикада алғаш рет жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жоспарлауда
2018 жылғы қыркүйектен бастап Шымкент қаласының жекеменшік мектептерінде жергілікті бюджет есебінен 3310орынды қамтамасыз ететін мемлекеттік тапсырыс орналастырылмақ.15 желтоқсан 2016
Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықты болдырмау және алдын алу бағытындағы жұмыстар
Түпқараған аудандық білім бөлімі мемлекеттік бағдарламаларды орындау және тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға байланысты ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні «Дарын» қосымша білім беру орталығының ғимаратында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтарының қатысуымен жиналыс өткізілді.15 желтоқсан 2016