«Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі»


Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қ. Оңғалбайұлы көшесі №1

Сенім телефондары:
8(72938) 22749
8(702) 0623808

Бөлім жаңалықтары

0

98% кіші қызметкерлері екпе алған ауыл мектебі

98% кіші қызметкерлері екпе алған ауыл мектебі

Түпқараған ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Ақшұқыр мектеп-лицейінде қарапайым кіші қызметкер болып қызмет ететін Б. К. (аты-жөні қысқартылып алынды) деген азамат бірнеше жылдан бері көздің қатерлі ісігі диагнозымен есепте тұр.
Ол өзінің екпеге медициналық қарсы көрсетілім бойынша екпені қабылдай алмайтынын біліп, алдымен отбасын екпе қабылдау арқылы індетке қарсы күресуге шақырады. Отбасы мүшелері толықтай екпенің екі компонентімен де егілген. Олардың айтуынша отанасының бұл сауатты көзқарасы арқылы бүтін әулетті коронавирус дертінен сақтауға болады. Өзі және өзінің отбасын, қоғамды "өзіме де, өзге де пайдам тисін" деген ұстанымдағы қарапайым қызметкер бұнымен тоқтап қалмай, өзі бірнеше жыл қызмет етіп келе жатқан Ақшұқыр ауылындағы Ақшұқыр мектеп -лицейіндегі әріптестеріне түсіндірме жүргізеді. Ол осы аурумен ауырып, отбасымен пандемия уақытында дәрі тапшы болып қиналғандарын, жақындары мен таныстарынан осы індет кесірінен айрылып қалғанын үнемі мысал етіп айтады. Аталмыш мектепте бұл азаматтан өзге барлығы 46 кіші қызметкер қызмет етеді. Олар мектептің кірісінен, ішіндегі әр кабинетке тазалық, сақтық, жылу, жарық, құбыр жөндеу сияқты түрлі қызметтерді көрсетеді. Өзімен қосқандағы 48 қызметкердің бүгінгі таңда 5-і бала күтімі демалысында. Әріптестеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, "денсаулықтың қадірін ауырғаннан сұра" дегендей, өзінің 41 жұмыстасына екпенің маңызын айтып, олардың екпе алуына ықпал етеді. Осылай бір ауылдағы бүтін кіші қызметкерлер ұжымы ұжымдық иммунитет қалыптастырып үлгеруде. Олар ата-ана, жұмыстас ретінде өз жауапкершіліктерін дұрыс сезініп, екпе алуға шақырады.

#ТүпқарағанБілім
#Екпе 





8 сәуір 2020

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту

Қашықтықтан оқытудың 3-күнін де еңсердік. 

6 сәуір 2020

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту

Қымбатты ата-аналар, оқушылар! Өздеріңізбен бірге 4-оқу тоқсанын да бастап кеттік!  

24 сәуір 2019

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call Центр

...

11 ақпан 2019

Электрондық үкімет

«Электрондық үкімет» - мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге  арналған  мемлекеттік органдардың ақпараттық  жүйелерін біріктіретін  жалпы мемлекеттік жүйе. 

9 қыркүйек 2018

2018-2019 оқу жылына Ыстық және қоғамдық тамақтың сапасын қадағалау комиссиясының бұйрығы

...

6 сәуір 2018

Кəсіптік бағдар беру

Ағымдағы жылдың 5 сəуір күні Семей Геологиялық барлау колледжінің Батыс аймақтық менеджері А.Р.Назарова аудан бойынша Е.Өмірбаев о/м, Ж.Мыңбаев м/г, М.Горький м/л, Жекелеген пəндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатының 9-11 сынып оқушыларына кəсіптік бағдар беру мақсатында түсінік жұмыстарын жүргізді.  

5 сәуір 2018

Назарбаев Зияткерлік Мектебінде өткен практикалық семинар

Маңғыстау облыстық білім басқармасы мен Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі арасындағы меморандумға сəйкес, Түпқараған аудандық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 27 наурыз күні Түпқараған ауданының 130-дан астам мұғалімі Назарбаев Зияткерлік Мектебіне практикалық семинарға қатысты.  

16 ақпан 2018

«Шығармашыл ұстаз» байқауы

Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні Жекелеген пәндерді  тереңдетіп  оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатында «Шығармашыл ұстаз» байқауының аудандық кезеңі өтті. 

15 ақпан 2018

«Үздік сынып жетекші-2018» аудандық байқауы

Аудандық білім үйлестіру орталығының іс-қимыл жоспарына сәйкес, жалпы орта білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субъектілерінің құзырлығын дамыту, сынып жетекшілерінің имиджін көтеру мақсатында 2018 жылдың 14 ақпан күні Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Үздік сынып жетекші- 2018» аудандық байқауы өткізілді. 

1 ақпан 2018

Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есін мүсәтір арқылы жиғызуға тырыспаңыз. 

1 ақпан 2018

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар туралы ЖАДЫНАМА

Мақсаты: Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін арнайы және құқық қорғау органдарының жұмысына қоғамның және бизнес-қауымдастықтың оң көзқарастарын, сондай-ақ объект басшыларының (орта және ірі бизнес) әр түрлі меншік формаларындағы объектілердің қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы көзқарастарын қалыптастыру. 

26 қаңтар 2018

Астана, Шымкент және Ақтөбе қалалары республикада алғаш рет жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жоспарлауда

2018 жылғы қыркүйектен бастап Шымкент қаласының жекеменшік мектептерінде жергілікті бюджет есебінен 3310орынды қамтамасыз ететін мемлекеттік тапсырыс орналастырылмақ.  

15 желтоқсан 2016

Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықты болдырмау және алдын алу бағытындағы жұмыстар

Түпқараған аудандық білім бөлімі  мемлекеттік  бағдарламаларды  орындау  және тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға  байланысты  ағымдағы  жылдың 12 желтоқсан  күні  «Дарын» қосымша  білім беру орталығының  ғимаратында мектеп директорларының  тәрбие  ісі  жөніндегі орынбасарлары мен психологтарының қатысуымен жиналыс өткізілді. 

15 желтоқсан 2016

Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні аудан мектептерінде Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматын түсіндіру мақсатында Түпқараған аудандық білім бөлімі мен облыстық білім басқармасымен бірлескен жиналыс өткізілді. 

Соңғы хабарлар

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

13


Мектептер


Оқушылар саны

8572

Ұлдар: 4346 (50.7%)
Қыздар: 4226 (49.3%)


Мұғалімдер саны

713

Ерлер: 95 (13.3%)
Әйелдер: 618 (86.7%)

ҚР мемлекеттік рәміздері