0
ЖЫЛ ЕСЕБІ
Түпқараған ауданы білім беру саласында 42 білім беру ұйымы қызмет етеді. Оның 29-ы мектепке дейінгі ұйым, 12 мектеп, 1 қосымша білім орталығы бар. Онда 2545 бала -мектепке дейінгі ұйымдарда, 10361 бала -мектепте, қосымша білімде – 1404 бала білім алады, 1346 педагог қызмет етеді. Білім саласындағы 2023 жылдың ішінде атқарылған жұмыстар мен нәтижелер: 2023 жылы Түпқараған ауданының мектепке дейін білім мен тәрбие жүйесінде 150 орын іске қосылды: 120 орындық 2 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылды және жұмыс жасап тұрған балабақшалар 30 орынға кеңейтілді. Нәтижесінде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту - 100%, 2-6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 95% құрады (2022 жылы – 81,3%). Ауданда 29 мектепке дейінгі ұйым бар, оның ішінде: 11 мемлекеттік, 18 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар. Онда 2545 бала тәрбиеленеді. Қыркүйек айынан бастап мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру үшін 4 млн.156 мың тг қосымша қаражат бөлінді, яғни 63 тәрбиеленуші тегін тамақтандырылады. Балабақшаларда 322 педагог жұмыс жасайды. Жыл ішінде 57 педагог біліктілігін арттырды. Қыркүйек айынан бастап 322 тәрбиешінің жалақасы 30% -ға өсті. Оқу-әдістемелік орталықтар жанынан 1 мобильді топ және балабақшалар базасында 1 құзіреттілік орталық құрылды. Ауданда 12 мектеп жұмыс жасайды: 11 жалпы білім беретін мектеп, 1 жекеменшік мектеп. Онда барлығы 10361 оқушы білім алады. Бүгінгі таңда ауданда үш ауысымда оқитын 2 мектеп (2080 оқушы), оқушы орынының тапшылығы бар 2 мектеп (2285 оқушы) бар. Үш ауысымды мектептерді жою мақсатында Ақшұқыр ауылынан «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясының жанынан 300 орындық мектептің қосымша құрылысы жүргізілуде, пайдалануға беру уақыты 2024 жылға жоспарланған. «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында А.М.Горький мектеп-лицейінің жанынан 125 орындық қосымша құрылыс пайдалануға берілді. Жер қойнауын пайдаланушы инвестордың есебінен Сайын Шапағатов ауылдық округінен 1200 орындық мектептің құрылысы басталды. 2024 жылы пайдалануға беріледі. Форт-Шевченко қаласынан 260 орындық кәсіптік бағдар беру және өнер мектебінің құрылысы басталды. Құрылыс 2024 жылы аяқталады. Сонымен қатар, Ақшұқыр ауылынан 60 орындық Өнер мектебінің бөлімшесі іске қосылды. Түпқараған ауданы бойынша барлық мектептердің интернет жылдамдығы -100 Мбит/с. Оның ішінде, 8 мектептің интернетке қосылу технологиясы талшықты-оптикалық байланыс желілер (ВОЛС) жүйесіне қосылған. 2023 жылы 3 мектепті жаңарту жұмыстары (ағымдағы жөндеу, модификациялық кабинеттер сатып алу, бейнебақылау камераларын орналастыру) жүргізілді. 3 мектепке 7 физика, химия, биология кабинеттері сатып алынды және NCOC компаниясының демеушілігімен 2 мектепке STEM кабинеттері алынды. Президенттің тапсырмасы негізінде 1-4 сыныптар мен аз қамтылған отбасылардан 4838 бала 100% ыстық тамақпен қамтылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарында сақтық шаралары күшейтілді. Мекемелердің техникалық жарақтануы толықтай қол жеткізілді. Барлық білім беру ұйымдары дабыл тетігіне қосылды. Білім беру ұйымдары бейнебақылау камераларымен қамтылды, Полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылды. Білім сапасын арттыру мақсатында аудан мектептеріне кешенді талдау және зерделеу жұмыстары жоспарланып, әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясының қосымша үлесінің қолдауымен «Шалғайдағы және ауылдық мектептерді қолдау» (RARS) жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаға Ақшұқыр мектеп -лицейі қатысуда. 2 оқушымыз (Ө.Жолдасбеков атындағы Халықаралық ғылыми жоба байқауында Сансызбай Ырысжан мен Гумарова Гүлнұр - 2 орын, Москва қаласында өткен «Математика ж/е жобалау» Халықаралық ғылыми конкурсынан Гумарова Гүльнұр - 3 орын) халықаралық деңгейде өткен олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері, 5 оқушы (Көңілқос Жүсіп, Сабырбай Кәусар – Ақшұқыр мл, Жаңбырбай Хангелді, Жәңгірхан Атажан – М.Әбдіхалықов мг, Нұрасылқызы Нұрай – ғ.Айдаров атындағы №1 мл)жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобаның жеңімпазы, 46 оқушы республикалық жарыстардың жеңімпаздары атанды. 21 оқушы республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы болып, Ақшұқыр мектеп-лицейі «Үздік ауыл мектебі» номинациясын иеленіп, «100 үздік олимпиадалық мектеп» қатарына енді. Аудан бойынша білім саласында 1346 педагог жұмыс жасайды. (Оның ішінде мектепте-983 педагог, садикте – 322 педагог, қосымша білім-41). Аудандағы жалпы педагогтардың санынан біліктілік санаты бар педагогтардың үлесі – 755 педагог. 56 пайыз (педагог-шебер – 27, педагог-зерттеуші –154, педагог-сарапшы –182, педагог-модератор –326, жоғары-2, I санат -33 , II санат – 31) 2022-2023 оқу жылында 65 жас маман жұмысқа орналасты. 2023-2024 оқу жылының қарсаңында 9 білім беру ұйымы бос орындарға педагогтарды қабылдау бойынша конкурс өткізді. Конкурсқа 130 кандидаттан құжат қабылданды. Конкурс нәтижесінде 88 педагог (74 педагог жоғары оқу орнын бітірген жас мамандар) жұмысқа орналасты. Оның ішінде 3 жас маман Облыс әкімінің грантымен бітіріп келді. Қосымша біліммен қамту 81,1% өсті. Алдағы жылда ауданның білім саласындағы жоспарлы жасалатын жұмыстар қарқынды жүргізіледі.
2 маусым 2021
Түпқарағандық түлектер қайырымдылық жасауда
Түпқарағандық түлектер қайырымдылық жасаудаТүпқараған ауданының түлектері тарапынан жасалып отырған қайырымдылық шарасының бұл алғашқы емес, осыған дейін ауданға қарасты бірнеше мектеп қайырымдылық жасап, бітіру кештерінен бас тартқан еді. Биылғы пандемия жағдайы...2 маусым 2021
Түпқарағандық бүлдіршіндер өздері еккен өнімді ала бастады
Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылындағы «Ақбөбек» жекеменшік балабақшасының бүлдіршіндері өздері үшін арнайы жасалған жылыжайда өз қолдарымен отырғызған жемістердің алғашқы өнімдерін ала бастады.Сәуір айының басында жалпы ауданы 48 шаршы метрге жылыжай...1 маусым 2021
47 үздік оқушы қорытынды аттсетаттау бойынша емтихан тапсыруда
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаттарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 28...28 мамыр 2021
Бүгін аудандағы барлық мектептерде 9-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау басталды.
...26 мамыр 2021
Санитарлық талаптарды сақтай отыра жазғы мектеп өз жұмыстарын бастады
Бүгін аудандағы барлық мектептерде барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра жазғы мектеп өз жұмыстарын бастады. «Барлық мектепте оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Сонымен бірге 19 маусымға дейін жазғы мектептер жұмыс істейді. Балалар өз қалауы бойынша, ата-аналарының...26 мамыр 2021
Жазғы мектеп жұмысы өз жұмысын бастады
Бүгін Таушық ауылындағы Шахта мектебінде ұйымдастырылған жазғы мектеп жұмысы өз жұмысын бастады. Оқушылар еркін формада, санитарлық талаптарды ескере отыра 26 мамыр мен 19 маусымға дейін оқиды. ...25 мамыр 2021
Соңғы қоңырау салатантты шарасы барлық санитарлық -эпидемиялогиялық талаптарды сақтай отыра болып өтті
Бүгін Түпқараған ауданы бойынша 11 мектепте 25 мамыр - Соңғы қоңырау салатантты шарасы барлық санитарлық -эпидемиялогиялық талаптарды сақтай отыра болып өтті. 428 мектеп бітіруші түлектерді алтын ұядан шығарып салу, оқу жылын қорытындылау шарасы 40 минуттан аспайтын уақыт...24 мамыр 2021
Серікқызы Арай Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің 140 ұпайының 133-ін жинады!!!
ТҮПҚАРАҒАНДЫҚ ОҚУШЫ ҰБТ-ДАН 133 БАЛЛ ЖИНАДЫТүпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласындағы Форт-Шевченко мектеп-интернатының 11 «Ә» сыныбының оқушысы Серікқызы Арай Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің 140 ұпайының 133-ін жинады. Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз...20 мамыр 2021
Аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен мекемелерде санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау туралы жиналыс өткізілді
Түпқараған ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары төрағалығымен мекемелерде санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау туралы жиналыс өткізілді. Жиналысқа ауыл әкімдері, бөлім басшылары, «Адалдық алаңының» жетекшісі және мекеме басшылары қатысты. Аталған...12 мамыр 2021
ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында Түпқараған аудандық білім бөлімі басшысы Айбаршын Утесбаева Форт-Шевченко қаласында тұратын еңбек және тыл ардагері Тұрған Оразалиеваны Жеңістің 76 жылдығымен құттықтаған аудан әкімі Айбек Қосуақовтың...11 мамыр 2021
Екпе алу жалғасуда
Түпқараған аудандық білім бөлімі не қарасты М.Горький мектеп-лицейі, Шахта мектебі, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназия, Е.Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп пен "Балбөбек" балабақша қызметкерлері мен ұстаздары ұжымдық иммунитет қалыптастыру, вирустан өзін және...5 мамыр 2021
"Жасөспірімдермен жасалатын құқықбұзушылықты және оларға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу" тақырыбында жасөспірім қыздар арасындағы жиын болып өтті
Бүгін Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп және Форт-Шевченко мектеп - интернатында Түпқараған аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Жасөспірімдермен жасалатын құқықбұзушылықты және оларға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтардың...27 сәуір 2021
АУДАН ӘКІМІ ЧЕМПИОНДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
АУДАН ӘКІМІ ЧЕМПИОНДЫ ҚАБЫЛДАДЫБүгін аудан әкімі Айбек Қосуақұлы жасөспірімдер арасында бокстан Батыс Қазақстан, Орал қаласында өткен аймақтық Қазақстан Республикасы Чемпионатының Алтын медаль иегері Жанболат Орынбасарұлын қабылдады. Қабылдауға чемпионның бапкері...7 сәуір 2021
ТҮПҚАРАҒАНДЫҚ МҰҒАЛІМ «YOUTUBE» АРНАСЫ АРҚЫЛЫ БЕЙНЕСАБАҚ ӨТКІЗЕДІ
ТҮПҚАРАҒАНДЫҚ МҰҒАЛІМ «YOUTUBE» АРНАСЫ АРҚЫЛЫ БЕЙНЕСАБАҚ ӨТКІЗЕДІТүпқараған ауданындағы Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Марат Қани «YouTube» платформасында жеке канал ашып, сабақ өткізеді. Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз...4 сәуір 2021
Алтын медаль иеленді
Алтын медаль иелендіБатыс Қазақстан облысы, Орал қаласында Батыс Аймақтық Қазақстан Республикасы Чемпионатында, Түпқараған аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бокс бөлімінің тәрбиеленушісі, Есбол Өмірбаев жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы...18 наурыз 2021
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі табысталды
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі табысталдыБүгін «Nur Otan» партиясының Түпқараған аудандық филиалының ғимаратында Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов Түпқараған ауданы ардагерлерінің алдында өткен жылы атқарылған...17 наурыз 2021
"Елбасы медалі" байқауына қатысқан түпқарағандық бір топ оқушылар Қола медалін иеленді
Жасы 14 пен 29 аралығындағы өр мақсатты Қазақстан жастарына арналған, «Алтын», «Күміс», «Қола» деңгейлерінің бірін таңдап, қарым-қабілеттерін жеті бағыт бойынша жетілдіретін (спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі). "Елбасы...5 наурыз 2021
Бүгін білім бөлімі басшысы жанындағы мектеп директорларының офлайн Кеңесі болып өтті
Бүгін білім бөлімі басшысы жанындағы мектеп директорларының офлайн Кеңесі болып өтті.Аудандық білім бөлімі басшысы А.Утесбаеваның жүргізуімен өткен Кеңеске Түпқараған ауданы білім бөлімінің мамандары, «Түпқараған аудандық білім жүйесін дамыту орталығының» директоры,...4 наурыз 2021
Ұстаздарға ҚР Білім министрлігінің Құрмет грамотасы, Алғысы, аудандық білім бөлімінің Құрметі мен Алғысы табысталды.
Кеңес соңында бір топ ұстаздарға ҚР Білім министрлігінің Құрмет грамотасы, Алғысы, аудан әкімінің Құрметі мен Алғысы, аудандық білім бөлімінің Құрметі мен Алғысы табысталды.Сонымен қатар, 36 жыл білім саласында қызмет еткен З.Баймырзаев мектебінің директоры Жаңылсын...25 ақпан 2021
Түпқараған аудандық Психологиялық Кеңес құрамы құрылды
Түпқараған аудандық білім бөлімі нің 25- желтоқсандағы 263 н/қ бойынша бұйрығын негізге ала отырып, психикалық және психологиялық денсаулығын сақтауға жағдай жасау, әлеуметтік-психологиялық ахуал жасау және оқу-тәрбиелеу, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету...18 ақпан 2021
STEM ЛАБОРАТОРИЯЛАР ОРНАТЫЛДЫ
STEM ЛАБОРАТОРИЯЛАР ОРНАТЫЛДЫ«NCOC» компаниясы әлеуметтік міндеттемелері аясында өңірдің 6 мектебін STEM зертханалармен жабдықтады.Оның ішінде Түпқараған ауданының екі мектебіне орнатылған STEM зертханаларда оқушыларға заманауи оқу үрдісін жүзеге асыру үшін робототехника,...8 ақпан 2021
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫБүгін, яғни 8 ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (аудандық, қалалық) кезеңі басталды.Пәндік олимпиада 11-ақпанға дейін аудан бойынша...3 ақпан 2021
БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА
БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДАЭпидемиологиялық жағдайға байланысты NCOC компаниясы Ақтау қаласындағы 30 білім беру ұйымдарына және Түпқараған ауданының 21 білім беру ұйымдарының сынып бөлмелеріне барлығы 694 бактерицидті ауа рециркуляторлары жинағын орнатты. Сонымен...1 ақпан 2021