«Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі»


Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қ. Оңғалбайұлы көшесі №1

Сенім телефондары:
8(72938) 22749
8(702) 0623808

Бөлім жаңалықтары

0

ЖЫЛ ЕСЕБІ

 Түпқараған ауданы білім беру саласында 42 білім беру ұйымы қызмет етеді. Оның 29-ы мектепке дейінгі ұйым, 12 мектеп, 1 қосымша білім орталығы бар. Онда 2545 бала -мектепке дейінгі ұйымдарда, 10361 бала -мектепте, қосымша білімде – 1404 бала білім алады, 1346 педагог қызмет етеді. Білім саласындағы 2023 жылдың ішінде атқарылған жұмыстар мен нәтижелер: 2023 жылы Түпқараған ауданының мектепке дейін білім мен тәрбие жүйесінде 150 орын іске қосылды: 120 орындық 2 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылды және жұмыс жасап тұрған балабақшалар 30 орынға кеңейтілді. Нәтижесінде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту - 100%, 2-6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 95% құрады (2022 жылы – 81,3%). Ауданда 29 мектепке дейінгі ұйым бар, оның ішінде: 11 мемлекеттік, 18 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар. Онда 2545 бала тәрбиеленеді. Қыркүйек айынан бастап мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру үшін 4 млн.156 мың тг қосымша қаражат бөлінді, яғни 63 тәрбиеленуші тегін тамақтандырылады. Балабақшаларда 322 педагог жұмыс жасайды. Жыл ішінде 57 педагог біліктілігін арттырды. Қыркүйек айынан бастап 322 тәрбиешінің жалақасы 30% -ға өсті. Оқу-әдістемелік орталықтар жанынан 1 мобильді топ және балабақшалар базасында 1 құзіреттілік орталық құрылды. Ауданда 12 мектеп жұмыс жасайды: 11 жалпы білім беретін мектеп, 1 жекеменшік мектеп. Онда барлығы 10361 оқушы білім алады. ​Бүгінгі таңда ауданда үш ауысымда оқитын 2 мектеп (2080 оқушы), оқушы орынының тапшылығы бар 2 мектеп (2285 оқушы) бар. ​Үш ауысымды мектептерді жою мақсатында Ақшұқыр ауылынан «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясының жанынан 300 орындық мектептің қосымша құрылысы жүргізілуде, пайдалануға беру уақыты 2024 жылға жоспарланған. «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында А.М.Горький мектеп-лицейінің жанынан 125 орындық қосымша құрылыс пайдалануға берілді. ​Жер қойнауын пайдаланушы инвестордың есебінен Сайын Шапағатов ауылдық округінен 1200 орындық мектептің құрылысы басталды. 2024 жылы пайдалануға беріледі. Форт-Шевченко қаласынан 260 орындық кәсіптік бағдар беру және өнер мектебінің құрылысы басталды. Құрылыс 2024 жылы аяқталады. Сонымен қатар, Ақшұқыр ауылынан 60 орындық Өнер мектебінің бөлімшесі іске қосылды. Түпқараған ауданы бойынша барлық мектептердің интернет жылдамдығы -100 Мбит/с. Оның ішінде, 8 мектептің интернетке қосылу технологиясы талшықты-оптикалық байланыс желілер (ВОЛС) жүйесіне қосылған. ​2023 жылы 3 мектепті жаңарту жұмыстары (ағымдағы жөндеу, модификациялық кабинеттер сатып алу, бейнебақылау камераларын орналастыру) жүргізілді. 3 мектепке 7 физика, химия, биология кабинеттері сатып алынды және NCOC компаниясының демеушілігімен 2 мектепке STEM кабинеттері алынды. Президенттің тапсырмасы негізінде 1-4 сыныптар мен аз қамтылған отбасылардан 4838 бала 100% ыстық тамақпен қамтылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарында сақтық шаралары күшейтілді. Мекемелердің техникалық жарақтануы толықтай қол жеткізілді. Барлық білім беру ұйымдары дабыл тетігіне қосылды. Білім беру ұйымдары бейнебақылау камераларымен қамтылды, Полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылды. Білім сапасын арттыру мақсатында аудан мектептеріне кешенді талдау және зерделеу жұмыстары жоспарланып, әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясының қосымша үлесінің қолдауымен «Шалғайдағы және ауылдық мектептерді қолдау» (RARS) жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаға Ақшұқыр мектеп -лицейі қатысуда. 2 оқушымыз (Ө.Жолдасбеков атындағы Халықаралық ғылыми жоба байқауында Сансызбай Ырысжан мен Гумарова Гүлнұр - 2 орын, Москва қаласында өткен «Математика ж/е жобалау» Халықаралық ғылыми конкурсынан Гумарова Гүльнұр - 3 орын) халықаралық деңгейде өткен олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері, 5 оқушы (Көңілқос Жүсіп, Сабырбай Кәусар – Ақшұқыр мл, Жаңбырбай Хангелді, Жәңгірхан Атажан – М.Әбдіхалықов мг, Нұрасылқызы Нұрай – ғ.Айдаров атындағы №1 мл)жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобаның жеңімпазы, 46 оқушы республикалық жарыстардың жеңімпаздары атанды. 21 оқушы республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы болып, Ақшұқыр мектеп-лицейі «Үздік ауыл мектебі» номинациясын иеленіп, «100 үздік олимпиадалық мектеп» қатарына енді. Аудан бойынша білім саласында 1346 педагог жұмыс жасайды. (Оның ішінде мектепте-983 педагог, садикте – 322 педагог, қосымша білім-41). Аудандағы жалпы педагогтардың санынан біліктілік санаты бар педагогтардың үлесі – 755 педагог. 56 пайыз (педагог-шебер – 27, педагог-зерттеуші –154, педагог-сарапшы –182, педагог-модератор –326, жоғары-2, I санат -33 , II санат – 31) 2022-2023 оқу жылында 65 жас маман жұмысқа орналасты. 2023-2024 оқу жылының қарсаңында 9 білім беру ұйымы бос орындарға педагогтарды қабылдау бойынша конкурс өткізді. Конкурсқа 130 кандидаттан құжат қабылданды. Конкурс нәтижесінде 88 педагог (74 педагог жоғары оқу орнын бітірген жас мамандар) жұмысқа орналасты. Оның ішінде 3 жас маман Облыс әкімінің грантымен бітіріп келді. Қосымша біліммен қамту 81,1% өсті. Алдағы жылда ауданның білім саласындағы жоспарлы жасалатын жұмыстар қарқынды жүргізіледі.

 





6 тамыз 2021

БИЫЛ ТҮПҚАРАҒАНДА 1085 БАЛА БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРАДЫ

Бұл туралы Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Айбаршын Утесбаева мәлім етті.“Ауданда білім саласының жаңа оқу жылына дайындығы қарқынды жүруде. Ауданда 11 жалпы білім беру мекемесі бар. Жаңа оқу жылын аудан мектептері 1-11 - сыныптарды 9300 оқушы, оның ішінде...

4 тамыз 2021

ХАБАРЛАНДЫРУ Құрметті мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар, облыс тұрғындары! Маңғыстау облысының әкімдігі 2021-2022 оқу жылына арналған жергілікті бюджет есебінен конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалатынын хабарлайды

ХАБАРЛАНДЫРУ Құрметті мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар, облыс тұрғындары! Маңғыстау облысының әкімдігі 2021-2022 оқу жылына арналған жергілікті бюджет есебінен конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалатынын хабарлайды. Конкурс екі кезеңде...

3 тамыз 2021

Ақшұқыр мектеп-гимназиясы коронавирусқа қарсы екпемен 100% егілді

Былтырғы оқу жылында қатарға қосылған жас ұжым - Ақшұқыр мектеп-гимназиясы коронавирусқа қарсы екпемен 100% егілген. Олар жаңа ашылған мектептің оқушылар игілігін көріп, жаңа оқу жылында тез қауышуын тілейді. Сондай-ақ, өз денсаулықтары мен балалардың қауіпсіздігі үшін...

3 тамыз 2021

ТАМЫЗ АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Өтінімдер қабылдау 4 тамызда басталып, 6 тамызға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz. жүргізіледі. Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің...

28 шілде 2021

ӨҢІРЛЕР ҚР БҒМ ҰСЫНЫСТАРЫНА СӘЙКЕС ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР

ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылына дайындыққа қатысты ұсыныстар әзірледі. Осыған сәйкес өңірлерде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылар мен студенттерді дәстүрлі форматта...

28 шілде 2021

АҚШҰҚЫРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР - “SAN FINANCE CUP” ЖЕҢІМПАЗЫ

Ақтөбе қаласында оқушылар арасында өткен республикалық “SAN FINANCE CUP” турнирінен Ақшұқыр ауылының футбол командасы 1 орынды қанжығаға байлады. Бұған қоса Жұмабай Жанахмет "Үздік қорғаушы" деп танылса, Маратұлы Жаннұр "Үздік ойыншы" атанды!  Жазды қуанышқа да, спортпен...

28 шілде 2021

ХАБАРЛАНДЫРУ! ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!!!!

Осы жылдың 31 шілдесі күні 1 сыныпқа оқушы қабылдау мемлекеттік қызметі тоқтатылатындығын тағы да естеріңізге саламыз!!! 1 тамыздан бастап 1 сыныпқа оқушы қабылданбайды️. Сондықтан, қалған 7 күн уақыт ішінде Egov электронды порталы арқылы немесе қағаз түрінде...

21 шілде 2021

Қызылөзен ауылындағы "Толағай" балабақшасының ұжымы 100 % вакцина алды

Түпқараған ауданы бойынша білім беру бөліміне қарасты Қызылөзен ауылындағы "Толағай" балабақшасының ұжымы 100 % вакцина алғды. Ұжымдық иммунитет қалыптастырған "Толағай" балабақшасының қызметкерлері Түпқараған ауданы тұрғындарын вакцина алуға...

19 шілде 2021

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасатындығын хабарлаймыз

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасатындығын хабарлаймыз.Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсыруға, жұмысты уақытылы үйлестіруге мүмкіндік беретін...

13 шілде 2021

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!...

12 шілде 2021

Түпқараған ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Ақшұқыр мектеп-лицейінде қарапайым кіші қызметкер болып қызмет ететін Б. К. (аты-жөні қысқартылып алынды) деген азамат екпе қабылдау арқылы індетке қарсы күресуге шақырады

Түпқараған ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Ақшұқыр мектеп-лицейінде қарапайым кіші қызметкер болып қызмет ететін Б. К. (аты-жөні қысқартылып алынды) деген азамат бірнеше жылдан бері көздің қатерлі ісігі диагнозымен есепте тұр.Ол өзінің екпеге медициналық қарсы...

12 шілде 2021

"Қазақстан балалары, жазды қуанышқа толтырайық!" акциясы

"Қазақстан балалары, жазды қуанышқа толтырайық!" акциясы аясында Түпқараған ауданы бойынша білім бөліміне қарасты А. М. Горький атындағы мектеп-лицейінің мұғалімдері: Б.Джумашев , А. Дүйсалиев және Ш. Есенов атындағы университетінің 2 курс студенті Т.Туржанов 7-8 сынып...

7 шілде 2021

Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі

Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі мен оған қарасты қалалық, аудандық филиалдар оқушылардың жазғы оқу демалысын «жаз жайнатып, күн күлдіріп», мәнді де мағыналы өткізулеріне үлес қосуда. Атап айтқанда, мектеп және сауықтыру жазғы...

2 шілде 2021

үпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің статист маманы екпенің бірінші компонентін алды

Бүгін Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің статист маманы екпенің бірінші компонентін алды. -Коронавирус инфекциясының мутацияға ұшырауы бәрімізді алаңдатып отыр. Ұжымдық иммунитет қалыптаспай, қалыпты өмірге оралуымызға жол жоқ. Өзімнің және отбасым мен...

1 шілде 2021

98% кіші қызметкерлері екпе алған ауыл мектебі

98% кіші қызметкерлері екпе алған ауыл мектебіТүпқараған ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Ақшұқыр мектеп-лицейінде қарапайым кіші қызметкер болып қызмет ететін Б. К. (аты-жөні қысқартылып алынды) деген азамат бірнеше жылдан бері көздің қатерлі ісігі диагнозымен...

1 шілде 2021

Сайын Шапағатов мектеп-гимназиясының 5 қызметкері екпе қабылдады

Бүгін Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің Сайын Шапағатов мектеп-гимназиясының 5 қызметкері екпе қабылдады. Ұжымдық иммунитет қалыптастыруды қолдайтын мектеп қызметкерлері екпемен ғана бұл індетке қарсы тұруға болатынын айтады.#Екпе#ТүпқарағанБілім  ...

22 маусым 2021

Ауданның бас дәрігері Г.Шалабаева екпенің маңызы туралы түсіндіруде

Түпқараған аудандық білім бөліміне қарасты "Балбөбек" балабақшасының ұжымына да бөлім басшысы А.Утесбаева мен ауданның бас дәрігері Г.Шалабаева екпенің маңызы туралы түсіндіруде.#Екпе  ...

21 маусым 2021

Түпқараған аудандық білім бөлімі басшысы А. Утесбаева мен емхананың бас дәрігері Г. Шалабаева ұжымдық иммунитет қалыптастырудағы екпенің рөлі туралы ақпарат беруде

Кешеден бастап аудан басындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында коронавирусқа қарсы екпенің маңыздылығы түсіндірілуде. Түпқараған аудандық білім бөлімі басшысы А. Утесбаева мен емхананың бас дәрігері Г. Шалабаева ұжымдық иммунитет қалыптастырудағы екпенің...

16 маусым 2021

Орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Қазіргі заманғы білім» тақырыбында форум өтті

Бүгін, 16 маусым күні Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Қазіргі заманғы білім» тақырыбында форум өтті.Форумға облыс әкімінің орынбасары Г. Қалмұратова, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы К....

15 маусым 2021

Үлкен өмірге қанаттарын қомдаған түлектер бүгін қолдарына аттестаттарын алып, қуануда

Үлкен өмірге қанаттарын қомдаған түлектер бүгін қолдарына аттестаттарын алып, қуануда. Бүгін аудандағы 11 мектептен 434 түлек бітіруде. Оның ішінде күндізгі мектептен-428 оқушы, ал оқу - консультациялық пункт арқылы 6 түлек орта білім туралы аттестат алуда. Биылғы оқу жылы...

14 маусым 2021

Түпқараған ауданы мектептері оқушыларының жазғы демалысы басталды

Түпқараған ауданы мектептері оқушыларының жазғы демалысы басталдыЖазғы демалысты ұйымдастыру- барлық білім беру ұйымының оқу-тәрбие қызметіндегі аса маңызды бағыттардың бірі. Жаз кезіндегі балалардың сауатты әрі дұрыс ұйымдастырылған қызметі педагогикалық процестің...

7 маусым 2021

11-сыныптардың қорытынды аттестаттауы

11-сыныптардың қорытынды аттестаттауыМаңғыстау облысының білім басқармасы Түпқараған ауданы бойынша 01 маусым күні 11-сыныптарда болған емтиханға 11 мектептен бітіргелі отырған 434 оқушының ішінде қазақ тілінде - 388 оқушы (оның ішінде оқу-консультативтік пункт арқылы -6...

4 маусым 2021

ТҮПҚАРАҒАНДЫҚ ЕКІ ЖАС «ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ» ТӨСБЕЛГІСІН ИЕЛЕНДІ

ТҮПҚАРАҒАНДЫҚ ЕКІ ЖАС «ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ» ТӨСБЕЛГІСІН ИЕЛЕНДІҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын педагогтер мен білім алушылар...

2 маусым 2021

«ХАДИЯ» ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

«ХАДИЯ» ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІБүгін С.Шапағатов ауылдық округінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Хадия» жекеменшік балабақшасының ашылу салтанаты өтті.Мектепке дейінгі жастағы...

Соңғы хабарлар

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

13


Мектептер


Оқушылар саны

8572

Ұлдар: 4346 (50.7%)
Қыздар: 4226 (49.3%)


Мұғалімдер саны

713

Ерлер: 95 (13.3%)
Әйелдер: 618 (86.7%)

ҚР мемлекеттік рәміздері