Утесбаева Айбаршын Куанышкалиевна
Айбаршын Куанышкалиевна Утесбаева Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 1977-1987 жылдар аралығында С.М.Киров атындағы орта мектебінде оқыды. Еңбек жолын өзі білім алған мектепте аға пионер жетекшісі қызметінен бастаған.
А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1993 жылы Ақтау қаласында 13 ш/а №21 орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, 1996-2013 жылдары Ақтау қаласында 9 ш/а №21 орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, 2008-2010 жылдар аралығында Ақтау қаласы «№11 мамандандырылған физика-математикалық мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды.
2006-2007 оқу жылында педагогикалық іс-тәжірибесі Ақтау қаласы бойынша таратылды. Қалалық «Үздік ұйымдастырушы» сайысында, қалалық, облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік мұғалімі байқауында Бас жүлделерді иеленді.
2010 жылдан бастап Ақтау қаласы «№11 мамандандырылған физика-математикалық мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды.
2013 жылдан бастап «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет етуде. ҚР БжҒМ-нің Құрмет грамотасымен марапатталған.
2017 жылы ҚР-ның Құрмет Грамотасымен, 2017 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» белгісімен, 2019 жылы Облыс әкімінің Құрмет Грамотасымен және 2017 жылы «ҚР-ның Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойы медалімен марапатталды.
Бөлім бастығы: 8 (7292) 203467
______________________________________________Осы бөлімдегі Сұрақтар мен жауаптарға өту.
Басшыға сұрақ жолдау