«Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі»


Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қ. Оңғалбайұлы көшесі №1

Сенім телефондары:
8(72938) 22749
8(702) 0623808

Ереже

5 қаңтар 2020

1.   Жалпы ережелер

1«Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі білім

саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.   «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мынадай

ведомстволары бар:

1) «Ақшұқыр мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі;

2) «Маршал Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі;

3) «Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі;

4) «Шахта орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

5) «З.О.Баймырзаев атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

6) «Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі;

7) «Е. Өмірбаев атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

8) «Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі;

9) «А.М.Горький атындағы мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі;

10) Түпқараған ауданы әкімдігінің оралымды басқару құқығындағы «Балбөбек» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпоырны;

11) Түпқараған ауданы әкімдігінің «Құлыншақ» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

12) Түпқараған ауданы әкімдігінің оралымды басқару құқығындағы «Айгөлек» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

13) Түпқараған ауданы әкімдігінің оралымды басқару құқығындағы «Алпамыс» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

14) Түпқараған ауданының әкімі аппараты «Ақбота» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

15) Түпқараған ауданы әкімдігінің оралымды басқару құқығындағы «Ер Төстік» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

16) Түпқараған ауданының әкімі аппараты «Жауқазын» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

17) Түпқараған ауданы әкімдігінің оралымды басқару құқығындағы «Бәйтерек» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

18) Түпқараған ауданы әкімдігінің оралымды басқару құқығындағы «Айналайын» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

19) Түпқараған ауданы әкімдігінің «Айгүл» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

20) Түпқараған ауданы әкімдігінің оралымды басқару құқығындағы «Толағай» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

21) Түпқараған аудандық білім бөлімінің «Дарын» аудандық қосымша білім орталығы мемлекеттік коммуналдық мекеме;

22) «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

23) Түпқараған ауданы әкімдігінің «Түпқараған аудандық білім үйлестіру орталығы» мемлекеттік мекемесі. 

3. «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4.«Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері. «Түпқараған аудандық білім  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Н. Оңғалбайұлы көшесі, № 2 құрылыс.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2.   «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Ауданда азаматтардың конституциялық білім алу құқығын қамтамасыз етіп аймақтық, демографиялық және басқа да белгілеріне қарай мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру істерінде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Аудандық білім беру жүйесінің құрылымын қамтамасыз ету және қоғамдық қажеттіліктің өзгеруі мен оны дамытудың жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларына орай әлеуметтік қорғау.

15. Міндеттері: 

1) Барлық азаматтардың тең дәрежеде білім алуына;

2) Мемлекеттік стандарт негізінде тегін білім алуына, білім беру ұйымдарының жеке меншіктік түрлерінің әр түрлілігіне, қызметтердің бағыттарына, оқыту мен тәрбиелеу әдістеріне, білім берудің үздіксіздігіне, оның сатыларының өзара байланыстылығын қамтамасыз етуіне, ғылымилығына, білім берудің құқықтық және экологиялық бағыттарына; білім беруді оза дамыту, білім беру саласындағы жариялылықты және мемлекеттік мекемелерді зиялылықты сақтауға, нақты білім алуға кедергі болатын саяси және идеялогиялық ықпалдарға тәуелсіз болуға;

4) Білімді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты  жүзеге асыру,  тұрғындардың білім алуға деген тілектерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау жөніндегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарына көмек беру;

5) Барлық оқушылардың жалпыға бірдей орта білім алуына жағдай жасау;

6) Орта білім жүйесін ақпараттандыру бағытында кешендік тактикалық шараларды белгілеу  және жүзеге асыру;

7) Білім беру қызметкерлерін, оқушы жастарды, балаларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, мектептен 3 км қашықтықта тұратын оқушыларды тегін тасымалдауды жергілікті атқарушы органдар мен бірлесе отырып ұйымдастыру, аз қамтылған және көп балалы  жанұялардан шыққан мектеп оқушыларын, жетім балаларды тегін тамақпен  қамтамасыз ету;

8) Ата-аналарынан қараусыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қамқорлық жасауды,  балалар үйлеріне немесе интернаттарға жіберуді ұйымдастыру;

9) Педагогикалық қызметкерлерді аттестациядан өткізіп, оларға біліктілікті айқындайтын санаттар  беру;

10) Түріне және ведомстволық  бағыныстылығына қарамастан жергілікті жерлердегі білім беру мекемелерінде мемлекеттік міндетті орта білім беру стандартының талаптарына сай оқу-тәрбие ісінің жүргізілуіне өз құзырымен жүйелі бақылауды жүргізу және ұйымдастыру;

11) Білім саласында кадрлар саясатын жүргізу, орта білім беруді реформалау және рыноктық қатынас жағдайында басқару кадрларын дайындауды ұйымдастыру;

12) Басқару ісінде мәдениеттілікті дамыту, оны құқықтық ақпараттық техникалық жүйемен  қамтамасыз ету;

13) Материалдық-техникалық базаны игеру мен дамыту, ауданға бағынысты білім беру  мекемелерін қаржыландыруды жақсарту;

  14) Мемлекеттік және басқа да жергілікті  басқару органдарымен, бұқаралық ақпарат  құралдарымен, аудандық білім беру органдарымен бірлесіп жасалатын жұмыстың көлемін ұлғайту;

  15) Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және педагог кәсібінің беделін арттыру

  16) Демографиялық жағдайды ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту;

  17) Балаларды мектепке сапалы дайындауға бағдарланған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту;

  18) Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту менеджментін және даму

мониторингін жетілдіру;

19) Орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету,

орта білім берудің мазмұнын жаңарту;

20) Кадрлар біліктілігі саласында Бағдарламада қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін білім беру жүйесін ең үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес толығымен жаңарту;

21) Дарынды жастарды дамыту және қолдау мақсатында робототехника мен бағдарламалау бойынша тұрақты хакатондар, олимпиадалар мен конкурстар, сондай-ақ түрлі үйірмелер жүргізу;

22) Жаңа цифрлық технологиялар бойынша тұрақты негізде мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру;

23) Орта білім беруде цифрлық сауаттылықты арттыру;

16. Функциялары:

1)Орталық аппараттың функциялары:

- Бөлім оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, тәрбиелеуге,

оқытуға қатысты  аудан көлеміндегі жүргізілетін сынақтарды ғылыми-методикалық, психологиялық-медициналық-педагогикалық жағынан қамтамасыз етеді, техника қауіпсіздік ережелерін сақтауды  жүзеге асырады, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үрдістерін білім берудегі жаңалықтарды жүргізу үшін аудан мектептерінің базасында сынақ алаңдарын ұйымдастырады;

мамандармен қамтамасыз етеді. Жаңа мамандарды дайындау қажеттілігіне болжам жасайды;

- Бөлім аудандағы білім беру жүйелерін қажетті ғимараттармен

қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Аудандық әкімшілікке мекеменің материалдық-техникалық базасын дамыту мен сақтау жөнінде ұсыныс  айтады.  Жаңа құрылыс салуды жоспарлап, оларды күрделі жөндеуден өткізуге тапсырыс береді,  аудандық әкімшілікке білім беру саласы үшін жаңа құрылыс салуға ұсыныс береді.

- Бөлім білім беру мекемелерінің жаңа жиhазға қажеттілігін өтейді,

мемлекеттік сатып алу бағасына сай өтеледі.              

- Бөлім қаржы бөлімімен бірлесіп аудандағы  білім беру объектілерінің

бюджетін әзірлеп, жоспарлайды;

- Бөлім білім берудің мемлекеттік басқару жүйесін дамытып,

жетілдіреді. Диагностика, талдау және болжам негізінде құрылымның қалыптасуына ұсыныс енгізеді. Аудандық әкімшілікпен келісе  отырып, оқу мекемелерінің басшысын тағайындайды.

- Бөлім құрылымы мен жағдайына, оның қызметкерлерінің жұмысына

талдау жасайды, ведомстволық мекемелердегі және білім беру мекемелердегі және білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің шығармашылық  ізденістері мен жаңашылдығын қолдайды, олардың іс-тәжірибесін оқып таратады;

- Бөлім білім беру саласында ерекше көзге түскен қызметкерлерін

марапаттау үшін құжаттар  дайындайды, белгілі тәртіппен оларға құрметті атақ беруге ұсыныс жасайды;

- Бөлім еңбекшілер мен оқушылардың  хаттарын, арыздарын,

шағымдарын заңды тұрғыда қарайды. Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды, олардың заңды талаптарының орындалысын  қамтамасыз етеді, азаматтардың айтқан кемшіліктерін жою мақсатында шара қолданады;

Бөлім Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңына сәйкес төмендегі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;

- Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру;

- Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді рәсімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың
анықтамаларын беру;

  - Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;

- Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі

(7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;

«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау; Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелеткетолмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру; - Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау; - Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау; «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау; - Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу; Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;

-  Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен

тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну;

- Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау; беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;

-  Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат

нысанында оқытуға рұқсат беру;

  - Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру;

  - Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың

телнұсқаларын беру;

  - Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою;

  - Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және

мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру;

-  Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-

аналарға баламенкездесуіне рұқсат беру;

Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау; Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау.

2) Ведомстволардың функциялары:

Жалпы орта білім беретін ұйымдар;

- Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында және мектеп

жарғысында қарастырылған оқыту, білім беру қызметін көрсету;

- Оқушылардың білім беру бағдарламаларын игеруі үшін қолайлы

жағдай жасау;

- Кәсіби оқытуға бағыттталған пәндер бойынша оқушыларды даярлау;

- Оқушыларды бейінге сәйкес жоғары білім алуға бағыттау;

- Мәдени деңгейі жоғары, қоғамдық өмірге бейімделген, саналы таңдау

жасауға және кәсіби білім беру бағдарламаларын игеруге дайын, интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру;

- Оқушылардың республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және

мәдени өміріне араласу қажеттігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарсын қалыптастыру.

Мектепке дейінгі ұйымдар;

- Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметінің басты

міндеті – мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарының және тиісті білім беру бағдарламаларының талаптарын орындау негізінде білім беру мен тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау;

- Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру бағдарламаларын меңгеруге

жағдайлар жасау;  

- Мектепке дейінгі балалардың дене және психикалық саулықтарын

қорғау, оларды салауатты өмір құндылықтарына қосу;

- Мектепке дейінгі балалардың шығармашылыққа ынталылығын,

қабілеттілігін, еркіндігін дамыту;

- Бес, алты жасар балаларды мектепалды даярлықпен қамтамасыз ету.

17. Құқықтары мен міндеттері:

- ведомстволық білім беру ұйымдарының жарғысын бекітуге, ол

жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, аудандық білім беру мекемелері  мен қазыналық кәсіпорындарға мүліктерді бекітіп беруге;

- шығын сметасын бекітуге, аудандық ведомстволық мекемелердің кіріс

және шығыс жоспарын бекітуге; 

- мекемелер қарамағына берілген мүліктердің пайдалануы мен

сақталуының тиімділігін арттыру  мақсатында бақылау жүргізіп отыруға,  аудандық мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың құрылымы мен шектелген штат  санын анықтауға;

- білім мекемелерінің, қазыналық кәсіпорындардың басшыларының

орынбасарларын өздерінің ұсынылуымен тағайындау  және  қызметінен босатуға, жылдық қаржы есебін бекітуге;

- мемлекеттік ұйымдардың, қазыналық кәсіпорындардың оқу, есеп-

шаруашылық және басқа жұмыстарына тексеру жүргізуге;

- мамандарды дайындау және қайта дайындау, мамандығын көтеру

курстарынан өткізуге қатысуға, тәжірибе алмасуларды, жергілікті жердегі семинарларды және мамандарды оқытудың басқа да түрлерін ұйымдастыруға; 

- Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген басқа да қызметтерді жүзеге асыруға.

3.   «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

18. «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты жоғарғы тұрған органдардан жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Түпараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Түпқараған ауданы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Түпараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары қарастырылмаған.

21. «Түпараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

- Жоғарыда тұрған білім беру органдарымен, аудан өкілдерімен және

білім беру ұйымдарымен бірлесіп білім беруді дамыту мәселелерін шешу;

- Жоғарыда тұрған ұйымдардың Қаулысын, өкімдерін, заңдарын

орындауға бөлім аппаратының қызметін ұйымдастыру;

- Білім беру бөлімінің жанындағы білім беру бойынша үйлестіру

Кеңестің жұмысын ұйымдастыру; Білім беру ұйымдарының жұмысын, оқуын ұйымдастыруды басшылық ететін кадрлардың резервін талдау; қамқоршылық және қоғаншылық кеңесінің төрағасы ретінде жұмыс жасау;

- Білім беру ұйымдарын бақылау мәселелерін іске асыру: ғылымдық,

мазмұндау, нысандар және диагностика негізінде мақсатты жоспарлау;

- Аудандағы білім беру мекемелерінің басқару аппаратының резервімен

жұмыс істеу; аудандық білім беру бөлімінің аттестаттау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;

- Ауданның білім беру бөлімінің жоспарлы кеңесін, тамыз Кеңесін

ұйымдастыру, дайындау, өткізу; ауданда білім беру жүйесін дамытудың аудандық бағдарламаларын, жылдық жоспар жұмыстарын жүзеге асыруды, оларды орындауды бақылауды қамтамасыз ету;

- Білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша

бөлімнің жұмысын ұйымдастыру; бөлімнің мамандарының өкілеттігін және міндетін анықтау;

- білім беру саласында және мемлекеттік жалпы білім беру

стандарттарының заңнамаларын орындауға құзыреттілігі шеңберінде бақылау ұйымдастыру;

- Бөлімдегі білім беру мекемелерін және мемлекеттік кәсіпорындарын

тарату және қайта ұйымдастыру, құру туралы белгіленген тәртіпте аудан әкіміне ұсыныс енгізу;

- Бөлімнің ағымдағы және жедел қызметін қамтамасыз ету мәселелері

бойынша бұйрық шығару;

- Білім беру мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға және басқа да

ұйымдарға бөлімнің ұсынысы; білім беру мәселесі бойынша азаматтардың және білім беру ұйымдардың өтініштерін және хаттарын, өтінімдерін қарастыру.

- «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау, бірінші басшысы

болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзі атқарады.

23. «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

4.   «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

24. «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі,

өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және  тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі және оның

ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;

1) «Ақшұқыр мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі;

2) «Маршал Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі;

3) «Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі;

4) «Шахта орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

5) «З.О.Баймырзаев атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

6) «Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі;

7) «Е. Өмірбаев атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

8) «Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі;

9) «А.М.Горький атындағы мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі;

10)  Түпқараған ауданы әкімдігінің оралымды басқару құқығындағы «Балбөбек» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпоырны;

11) Түпқараған ауданы әкімдігінің «Құлыншақ» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

12) Түпқараған ауданы әкімдігінің оралымды басқару құқығындағы «Айгөлек» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

13) Түпқараған ауданы әкімдігінің оралымды басқару құқығындағы «Алпамыс» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

14) Түпқараған ауданының әкімі аппараты «Ақбота» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

15) Түпқараған ауданы әкімдігінің оралымды басқару құқығындағы «Ер Төстік» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

16) Түпқараған ауданының әкімі аппараты «Жауқазын» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

17) Түпқараған ауданы әкімдігінің оралымды басқару құқығындағы «Бәйтерек» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

18) Түпқараған ауданы әкімдігінің оралымды басқару құқығындағы «Айналайын» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

19) Түпқараған ауданы әкімдігінің «Айгүл» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

20) Түпқараған ауданы әкімдігінің оралымды басқару құқығындағы «Толағай» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

21) Түпқараған аудандық білім бөлімінің «Дарын» аудандық қосымша білім орталығы мемлекеттік коммуналдық мекеме;

22) «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

23) Түпқараған ауданы әкімдігінің «Түпқараған аудандық білім үйлестіру орталығы» мемлекеттік мекемесі. 

 





3 қаңтар 2021

Маңғыстау облысының Білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

Бекітілді Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы «____»_________     №_____қаулысымен           Маңғыстау облысының Білім басқармасының «Түпқараған  ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ     Ұйымдастыру –құқықтық нысаны: - мемлекеттік мекеме       Меншіктің түрі:     -  мемлекеттік       Орналасқан жері: - 130500, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Түпқараған...

5 қаңтар 2020

1.   Жалпы ережелер 1«Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2.   «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар: 1) «Ақшұқыр мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі; 2) «Маршал Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі; 3) «Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» мемлекеттік...

Соңғы хабарлар

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

13


Мектептер


Оқушылар саны

8572

Ұлдар: 4346 (50.7%)
Қыздар: 4226 (49.3%)


Мұғалімдер саны

713

Ерлер: 95 (13.3%)
Әйелдер: 618 (86.7%)

ҚР мемлекеттік рәміздері