«Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі»


Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қ. Оңғалбайұлы көшесі №1

Сенім телефондары:
8(72938) 22749
8(702) 0623808

Ереже

3 қаңтар 2021

Маңғыстау облысының Білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

Бекітілді

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2021 жылғы «____»_________  

  №_____қаулысымен

 

 

 

 

 

Маңғыстау облысының Білім басқармасының

«Түпқараған  ауданы бойынша білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

 

Ұйымдастыру –құқықтық нысаны: - мемлекеттік мекеме

 

 

 

Меншіктің түрі:     -  мемлекеттік

 

 

 

Орналасқан жері: - 130500, Қазақстан Республикасы,

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы,

Н. Оңғалбайұлы, 2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Форт-Шевченко қаласы 

2021 жыл

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1.  Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы аумағында білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және өз қызметінде «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне есеп береді және бақылауында болады.

2. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға  өз атынан түседі.

5. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Маңғыстау облысының Білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130500, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Н.Оңғалбайұлы, 2

9. Мемлекеттік органның толық атауы: Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10.  Осы Ереже Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

12. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Түпқараған ауданы аумағында мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

14. Міндеттері:

1) Түпқараған ауданы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету өңірлік, демографиялық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып, мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2) қоғамның өзгеруіне және оның дамуының жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларына сәйкес Түпқараған ауданының білім беру жүйесінің жұмыс істеуін және оны әлеуметтік қорғауды мемлекеттік қамтамасыз ету;

3) білім алуға барлық азаматтардың теңдігі;

4) білім берудің мемлекеттік стандарттары шегінде білім беру қызметтерінің тегіндігі, меншік түрлері, қызмет бағыттары, тәрбие мен оқыту нысандары бойынша білім беру мекемелерінің әртүрлілігі, оның сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің үздіксіздігі, білім берудің ғылыми сипаты, құқықтық және экономикалық бағыты;

5) білім беру жүйесіндегі демократияны және мекемелердегі зайырлы сипатты сақтау.

15. Функциялары:

1) Түпқараған ауданы аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындаған тәртіппен Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

3) кешкі (ауысымдық) оқыту нысанын қоса алғанда, Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;

4) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, орта білім алғанға дейін оларды оқытуды ұйымдастырады;

5) қолданыстағы заңнама талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының қажеттілігін, ата-ана төлемақысының мөлшерін айқындайды;

6) Маңғыстау облысының білім басқармасының арқылы қолданыстағы заңнама талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін Маңғыстау облысының әкімдігіне бекітуге енгізеді;  

7) Маңғыстау облысының білім басқармасының арқылы Маңғыстау облысының әкімдігіне бекітуге орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын енгізеді;

8) қолданыстағы заңнама талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;

9) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;

10)  тірек мектептердің (ресурстық орталықтар) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

11) Түпқараған ауданының аумағында жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

12) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға ықпал етеді;

13) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

14) орындаушылар конкурстары мен балаларға арналған кәсіби шеберлік конкурстарын жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық, мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

15) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

16) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдістемелік орталығының материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

17) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшы қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастырады;

18) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жоспарды қалыптастырады;

19) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

20) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді;

21) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жекелеген санаттардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тегін және жеңілдікпен тамақтануын ұйымдастырады;

22) білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады;  Ақшұқыр, Сайын ауылдары, Форт- Шевченко қаласынан Баутино ауылына, Баутино ауылы мен Аташ елді- мекені  бойынша;

23) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

24) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарында психологиялық қызметке әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;

25)  негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

26) қамқоршылық кеңестерге көмек көрсетеді;

27) білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсетеді;

28) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

29) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына, отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

30) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;

31) Маңғыстау облысы білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі жөніндегі мәселелерді үйлестіреді;

32) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымын Маңғыстау облысының білім басқармасына келісуге енгізеді және бекітеді;

33) Маңғыстау облысы білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестесін, жұмыс оқу жоспарларын (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру), сондай-ақ Түпқараған ауданының  қажеттілігіне қарай орта білім беру ұйымдарының жиынтық-сыныптарының санын келіседі;

34) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының  бірінші басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;

35) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін бюджеттік өтінімді сапалы жасауды және Маңғыстау облысының білім басқармасына ұсынуды қамтамасыз етеді және жауапты болады;

36) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан (келісім бойынша) ақпарат сұрату және алу;

2) Маңғыстау облысы білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

3) білім беруді дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

4) білім беру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

5) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарын басқару мәселесі бойынша актілерді әзірлеу, олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

6) заңнамаға сәйкес Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы білім беру ұйымдары қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындау;

7) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметінің мәні мен мақсаттарын айқындау;

8) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды және олардың орындалуы бойынша есептерді қарау, келісу, бекіту, жүзеге асыру;

9) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдары мүлкінің пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

10) Маңғыстау облысы білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функцияларына байланысты істер бойынша өз бетінше және өкіл арқылы талапкер, жауапкер, куә ретінде соттарда талап қою және сөз сөйлеу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

12) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізеді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін қаланың басқа атқарушы органдарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен өзара іс-қимыл жасайды.

 

 

3-тарау. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

17. Маңғыстау облысы білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол Маңғыстау облысы білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

18. Маңғыстау облысы білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. Маңғыстау облысы білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20. Маңғыстау облысы білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) барлық органдарда мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді;

3) сектор меңгерушісі мен басқа да қызметкерлердің құзыретін белгілейді;

4) мемлекеттік органның мүлкіне иелік етеді, шарттар жасасады, сенімхаттар береді;

5) банк шоттарын ашады;

6) өз құзыреті шегінде барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

8) қызметшілерді іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

9) ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларын аттестаттауды жүргізеді;

10) жұмыскерлерге көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолданады;

11) мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

12) заңнамаға сәйкес ведомстволық қарасты мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларын, әдіскерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

13) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолданбағаны үшін дербес жауапты болады;

14) өзіне заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 Маңғыстау облысы білім басқармасының «Түпқараған ауданы қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

 

 

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

22. Маңғыстау облысы білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. Маңғыстау облысы білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Маңғыстау облысы білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

25. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік ұйымдардың тізбесі

 

1. Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Е. Өмірбаев атындағы жалпы  білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2. Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «З. О. Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3. Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Шахта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4. Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Маршал Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5. Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6. Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақшұқыр мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7. Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Сайын Шапағатов мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8. Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Ғұбайдолла Айдаров атындағы № 1 мектеп - лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9. Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақшұқыр мектеп - лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10.  Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «А. М. Горький атындағы мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

11.  Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт - Шевченко мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

12.  Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

13.  Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы балалар өнер мектебі» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

14.  Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Айгүл» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

15.  Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Құлыншақ» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

16.  Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақбота» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

17.  Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Жауқазын» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

18.  Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

19.  Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

20.  Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Бәйтерек» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

21.  Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Ер Төстік» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

22.  Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Айналайын» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

23.  Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Толағай» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Алпамыс» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорн 





3 қаңтар 2021

Маңғыстау облысының Білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

Бекітілді Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы «____»_________     №_____қаулысымен           Маңғыстау облысының Білім басқармасының «Түпқараған  ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ     Ұйымдастыру –құқықтық нысаны: - мемлекеттік мекеме       Меншіктің түрі:     -  мемлекеттік       Орналасқан жері: - 130500, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Түпқараған...

5 қаңтар 2020

1.   Жалпы ережелер 1«Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2.   «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар: 1) «Ақшұқыр мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі; 2) «Маршал Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі; 3) «Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» мемлекеттік...

Соңғы хабарлар

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

13


Мектептер


Оқушылар саны

8572

Ұлдар: 4346 (50.7%)
Қыздар: 4226 (49.3%)


Мұғалімдер саны

713

Ерлер: 95 (13.3%)
Әйелдер: 618 (86.7%)

ҚР мемлекеттік рәміздері