«Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі»


Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қ. Оңғалбайұлы көшесі №1

Сенім телефондары:
8(72938) 22749
8(702) 0623808

Хабарландырулар

12 желтоқсан 2023

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру.

Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы 2024 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін 100 жаңа орынға, және бұрын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған немесе бюджеттен қаржыландыру жүзеге асырылған 5 (бес) және одан да көп жыл ішінде мектепке дейінгі ұйымдар 14-тармағында көрсетілген жаңартылған құжаттар ұсынылған жағдайда және осы Қағидалардың 15 және 18-тармақтарында көзделген тәртіппен келесі күнтізбелік жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу үшін конкурс жариялайды.

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға және мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес қажетті құжаттар:

13. Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған және мыналарды:

1) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес жағдайларды;

2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі-Өрт қауіпсіздігі қағидалары) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды;

 3) "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына (бұдан әрі – ҚРҮ № 305 Қ) сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды;

4) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сәулет қызметі туралы Заң) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;

5) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыруды;

6) cанитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасауды;

7) "Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

14. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;

3)cанитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;

4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).

15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;

    2) медициналық қызметке лицензиялар;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;

4) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 28566 тізілімінде болып тіркелген) сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - № 29/қе бұйрық);

5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.

16. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды Білім беруді басқару органдарын құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша міндеттер мен функцияларды іске асыруға арналған құрылымдық бөлімше конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде 12.12-14.12.2023ж. сағат 9.00-18.00 аралығында құжаттар білім бөлімі ғимаратында қабылданады.

Құжаттарды тіркеу аяқталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде  15.12-22.12.2023ж. күндері аралығында комиссия  мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған құжаттарды білім бөлімі ғимаратында қарайды.

Комиссия мүшелері қатарынан айқындаған тұлғалар келесі 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау үшін 25.12.-29.12.2023ж. күндері сағат 9.00-17.00  аралығында мектепке дейінгі ұйымға баруды жүзеге асырады.

 

 





12 желтоқсан 2023

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру.

Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы 2024 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін 100 жаңа орынға, және бұрын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған немесе бюджеттен қаржыландыру жүзеге асырылған 5 (бес) және одан да көп жыл ішінде мектепке дейінгі ұйымдар...

7 желтоқсан 2023

2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырыстары орналастырылған білім беру ұйымдарына жүргізілген мониторинг қорытындысы

...

27 қыркүйек 2023

2023 жылдың 27 қыркүйек күні Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің Оқу-әдістемелік орталығында ХҮІ Президенттік олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

2023 жылдың 27 қыркүйек күні Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің Оқу-әдістемелік орталығында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша 11-сынып оқушыларының білімі мен қабілетін анықтап, дарынды балаларды қолдау мен дамыту мақсатында ХҮІ Президенттік олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға аудан басындағы мектептерден 33 оқушы қатысып, математика, физика, химия және биология пәндерінен тапсырмалар орындады. Қазылар алқасының шешімімен жоғарғы ұпай жинаған 5 оқушы...

25 шілде 2023

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысы негізінде төмендегі санаттарға жататын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек бөлінеді:

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысы негізінде төмендегі санаттарға жататын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек бөлінеді:                          1. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; 2.мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға; 3.жетім балаларға, ата-анасының...

14 шілде 2023

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-і балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін 225 орынға конкурс жариялайды

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-і Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» (одан әрі - бұйрық) бұйрығына сәйкес,...

1 маусым 2023

Түпқараған ауданы бойынша жазғы тынығу лагерлеріндегі орын саны туралы ақпарат

Биылғы жылы аудан бойынша 11 мектепте 1-10 сыныптарында 8776 оқушы білім алады.         2017 жылдан басталған «Жас сарбаз» әскери-патриоттық бағытындағы лагерінде 8-10 - сыныптардың 50-ге жуық оқушысы демалып, кәсіби бағдар алатын болады. 100 бала «Жасыл ел» бағдарламасы аясында көгалдандыру жұмыстарымен; - 300 бала аула клубтарында, ІТ сыныптары, робототехника үйірмелерінде; -  20 бала туристік-өлкетану бағытындағы облыс аумағында саяхат, оның ішінде 2 маршруттық жорық бойынша өз...

30 мамыр 2023

Түпқараған ауданының мектептеріндегі жазғы жазғы тынығу лагерлері

Түпқараған ауданының мектептеріндегі жазғы жазғы тынығу лагерлері:            Форт-Шевченко қаласы,  Тәжіұлы көшесі №9 ғимаратта орналасқан  Е.Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде  «Waves» жазғы тынығу лагері  05.06-16.06.2023 ж. аралығында жұмыс жасайды.  Форт-Шевченко қаласы, О.Бозахаров көшесі № 42 ғимаратта орналасқан  Форт -Шевченко мектеп –интернатында «Happy» жазғы тынығу лагері  05.06-16.06.2023 ж. аралығында жұмыс жасайды. Баутин ауылы, 8 Наурыз көшесі №8 орналасқан...

30 мамыр 2023

Түпқараған ауданының мектептеріндегі жазғы жазғы тынығу лагерлері бойынша ақпарат

 Биылғы жылы аудан бойынша 11 мектепте 1-10 сыныптарында 8776 оқушы білім алады.         2017 жылдан басталған «Жас сарбаз» әскери-патриоттық бағытындағы лагерінде 8-10 - сыныптардың 50-ге жуық оқушысы демалып, кәсіби бағдар алатын болады. 100 бала «Жасыл ел» бағдарламасы аясында көгалдандыру жұмыстарымен; - 300 бала аула клубтарында, ІТ сыныптары, робототехника үйірмелерінде; -  20 бала туристік-өлкетану бағытындағы облыс аумағында саяхат, оның ішінде 2 маршруттық жорық бойынша өз...

17 мамыр 2023

Стартовал прием заявок для участие в Национальном конкурсе «Мерейлі отбасы»

Стартовал прием заявок для участие в Национальном конкурсе «Мерейлі отбасы» ✅ Уважаемые жители области!  Стартовал прием документов на 1-й этап (городской, районный) национального конкурса «Мерейлі отбасы». Национальный конкурс «Мерейлі отбасы» направлен на возрождение нравственных ценностей и популяризацию позитивной модели семьи и брака (супружества), повышение статуса семьи. Цели проведения конкурса: 1) укрепление института семьи, нравственности, духовности, признание важности...

12 мамыр 2023

Құрметті ата-аналар, аудан тұрғындары!

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 12 мамыр күні жалпы білім беретін мектептерде құзырлы органдармен бірлесе отырып, терроризмді алдын алуда, төтенше жағдайлар кезінде білім ошағынан адамдарды эвакуациялауды  пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Түсіністікпен қарауыңыз сұралады!    ...

22 қазан 2022

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-і  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» (одан әрі - бұйрық) бұйрығына сәйкес,...

8 тамыз 2022

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 355 бұйрығына сәйкес, білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңес құрылады. Қамқоршылық кеңестің мақсаты: 1) білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру; 2) білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагогика ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай...

6 тамыз 2021

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 355 бұйрығына сәйкес, білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңес құрылады. Қамқоршылық кеңестің мақсаты 1) білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру; 2) білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру...

25 мамыр 2021

«Үздік педагог-2021» атағын беру

ХабарландыруМаңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021 жылғы 31 мамыр күні Маңғыстау облысы білім басқармасының «Үздік педагог-2021» атағын беру облыстық конкурсын өткізу туралы» 2021 жылғы 13 мамырдағы №49 - бұйрығы негізінде, аудандық білім бөлімінің бұйрығымен аталған конкурстың аудандық кезеңін өткізетінін хабарлайды.Конкурс «Үздік педагог атағын беру туралы» Қазақстан Республикасы Білім...

12 мамыр 2021

«Бояулар құпиясы» атты республикалық жас суретшілер байқауы

«Бояулар құпиясы» атты республикалық жас суретшілер байқауының аудандық кезеңі болып өтті.Аудандық оқу-әдістемелік орталығында қашықтан өткізілген ьайқаудың мақсаты - оқушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарын ынталандыру үшін жағдай жасау.Ауданның барлық мектептерінен 18 оқушының жұмыстары қашықтан қатыстырылып қазылар алқасының шешімімен төменгідей жұмыстар облыстық кезеңге жолданды.«Бояулар құпиясы» бөлімі бойынша жалпы білім беретін Шахта мектебінің 9...

7 мамыр 2021

Құрметті, Отан қорғаушылар!

Құрметті, Отан қорғаушылар! Cіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!Тәуелсіз елдің тұтастығы мен ынтымағы үшін шекара шебін күзеткен, тыныштығымызды сақтауға шеп сабында жүрген сарбаздар мен ел үшін қызмет еткен әр азаматтарға айтулы күнде бар жақсылықты тілейміз!«Жау жоқ деме жар астында» деген ел сақтығын ұстанар еліміздің әскері мықты болу үшін – біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың рухы мықты, тәрбие мен білімі, білігі жоғары дәрежеде болуы керек. Сондықтан, білім саласының...

19 сәуір 2021

«Жыр алыбы-Жамбыл» атты облыстық айтыстан ІІ орын иеленді

«Жыр алыбы-Жамбыл» атты облыстық айтыстан ІІ орын иеленді18 ақпан күні облыстық «Жыр алыбы- Жамбыл» атты жас ақындар айтысында аудан абыройын асқақтатып, намысын қорғаған Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Маратов Ернар II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды. Жетекшісі-Төлеуова Анар.#ТүпқарағанБілім#Айтыс  ...

30 наурыз 2021

Республикалық «Ақберен» байқауының аудандық байқауы өткізілді

Маңғыстау облыстық Дарын қосымша білім орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2021 жылғы 5 наурыз күні аудандық оқу-әдістемелік орталығында қашықтан оқушыларды ақындық, шешендік өнерге баулитын республикалық «Ақберен» байқауының аудандық байқауы өткізілді. Аудан мектептерінен 40 оқушы қатыстырылды. Байқау 6 бөлім бойынша өткізілді. Нәтижесінде облыстық кезеңге жолданған оқушылар:1) Шешендік, білгірлік бөлімі бойынша: Ақшұқыр мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Саматқызы Ақмаржан.2) Көркемсөз...

11 ақпан 2021

...

10 ақпан 2021

Құрметті Түпқараған ауданының тұрғындары.

 Құрметті Түпқараған ауданының тұрғындары. Ағымдағы жылдың 12 ақпанында "MAŃĞYSTAÝ - ADALDYQ ALAŃY" жобалық кеңсесінің Түпқараған аудандық филиалында, Түпқараған аудандық білім бөлімінің басшысы УТЕСБАЕВА АЙБАРШЫН ҚУАНЫШҚАЛИҚЫЗЫНЫҢ қатысуымен тiкелей эфир өтеді.Тақырып: Ұлттық бірыңғай тестілеу және оффлайн, онлайн режимінде оқыту процесі.Айтар ұсыныс-пікірлеріңіз, сұрақтарыңыз болса 12.02.2021ж. сағат 16:00 де "Facebook" әлеуметтік желісінде (осы парақшада) тiкелей эфирде сұрақтарыңызды...

8 ақпан 2021

ҰСТАЗДАР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ 5 ДЕРЕК

ҰСТАЗДАР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ 5 ДЕРЕК1.«Педагог» сөзі көне грек тілінен енген. Оның тікелей аудармасы «баланы жетектеуші» деген ұғымды береді. Көне Грекияда педагог деп ұстазды емес, баланы мектепке жетектеп барып, сосын кері алып қайтатын құлды атаған. Педагог қызметіне қолынан ауыр іс келмейтін құлдар таңдап алынған екен.2. АҚШ-тың федералды жалауы ел құрамына әркез жаңа штат қосылған сайын өзгеріп отырған. Нақтырақ айтар болсақ, жалаудағы жұлдыздар саны сатылы түрде біреуге арта берген. Соңғы рет...

26 қаңтар 2021

Түпқараған ауданының білім беру ұйымдары ІІІ тоқсанды 244 кезекші сыныппен бастады

Түпқараған ауданының білім беру ұйымдары ІІІ тоқсанды 1, 2, 3, 4, 5, 9, 11 - сыныптар үшін 244 кезекші сыныппен, барлығы 3335 оқушымен бастады. 1-5 - сыныптар үшін ұйымдастырылатын кезекші сыныптарға қабылдау ата-аналардың немесе оқушының заңды өкілдерінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.Мектептердің санитарлық талаптары күшейтілген режимде жұмыс жасап, сақтық шаралары қабылданды, оның ішінде санитайзерлермен, тепловизорлармен, бактероцидтік лампалармен, антисептик, залалсыздандыру...

20 қаңтар 2021

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАРҒА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛЫНБАЙДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАРҒА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛЫНБАЙДЫҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері мектеп жасындағы балаларды вакцинациялау мәселелері бойынша азаматтардың өтінішіне байланысты COVID-19 вакцинациясының тәртібі мен ережесін түсіндірді.«Халық денсаулығы туралы» Кодекстің 77-бабы негізінде кез келген екпе, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация ерікті түрде жүзеге асырылады. Азаматтар вакцинациядан жазбаша бас...

6 қаңтар 2021

Мемлекет басшысы Заңға қол қойып, білім беру мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Мемлекет басшысы Заңға қол қойып, білім беру мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілдіҚазір жалпы ережелерге тоқталып өтейін, кейін жоғары сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру деңгейлеріне қатысты өзгерістер туралы бөлек жазатын боламын.1. Қабылданған Заңдағы маңызды нормалардың бірі – балаларға қосымша білім беру үшін мемлекеттік тапсырыс институтын енгізу.Ол туралы кеңінен тарқатып айтқан болатынмын.Енді мемлекеттік тапсырыс мемлекеттік-жекеменшік әріптестік...

Соңғы хабарлар

12

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

13


Мектептер


Оқушылар саны

8572

Ұлдар: 4346 (50.7%)
Қыздар: 4226 (49.3%)


Мұғалімдер саны

713

Ерлер: 95 (13.3%)
Әйелдер: 618 (86.7%)

ҚР мемлекеттік рәміздері