Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан
Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 566-IV Заңы
Қазақстан
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 6, 45-құжат; "Егемен
Қазақстан" 2012 жылғы 1 наурыздағы № 78 (27150), 2012 жылғы наурыздағы №
79-80 (27152); "Казахстанская правда" от 1.03.2012 г. № 60 (26879)
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
1-бап. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің
Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24,
178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; №
9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010
ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2,
3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат) мынадай өзгерістер мен
толықтырулар енгізілсін:
1) мазмұнында:
58, 59 және 61-баптардың тақырыптарындағы «тоқтату» деген сөз «тоқтату
негіздері» деген сөздермен ауыстырылсын;
101-баптың тақырыбында «Жыл сайынғы» деген сөздерден кейін «негізгі» деген
сөзбен толықтырылсын;
108-баптың тақырыбындағы «немесе ұзартудың» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жүз елу үшінші, жүз елу төртінші, жүз елу бесінші, жүз елу
алтыншы, жүз елу жетінші, жүз елу сегізінші және жүз елу тоғызыншы абзацтармен
толықтырылсын:
«10-1-тарау. Ұлттық біліктілік жүйесі
138-1-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар
138-2-бап. Ұлттық біліктілік жүйесінің құрылымы
138-3-бап. Ұлттық біліктілік шеңбері
138-4-бап. Салалық біліктілік шеңберлері
138-5-бап. Кәсіби стандарттар
138-6-бап. Мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілік сәйкестігін
растау»;
185-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«185-бап. Еңбек шартын тоқтатуды шектеу»;
мынадай мазмұндағы екі жүз елуінші, екі жүз елу бірінші, екі жүз елу екінші
және екі жүз елу үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«23-1-тарау. Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеудің
ерекшеліктері
221-1-бап. Қашықтықтан жұмыс істеу
221-2-бап. Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек жағдайлары
221-3-бап. Жұмыс уақытын және демалыс уақытын есептеу, еңбек қауіпсіздігін және
еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жағдайлары»;
27-тараудың тақырыбы «мүшелерінің» деген сөзден кейін «және мүліктің меншік
иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті
органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердің» деген сөздермен
толықтырылсын;
254-баптың тақырыбы «мүшелерінің» деген сөзден кейін «және мүліктің меншік иесі
немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті органы
тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердің» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үш жүз алпыс алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«320-1-бап. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау»;
мынадай мазмұндағы үш жүз сексен тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«339-1-бап. Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
комитет (комиссия)»;