0
ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫНА ОҚУЛЫҚТАР ЖЕТКІЗІЛДІ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы негізінде білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша қайта басылып шығатын 1 сынып оқулықтары мен оқу - әдістемелік құралдарына және 3,7,8 сыныптарға информатика оқулықтарын және қорландыру циклі бойынша 2,3,4,5,6,7,8,9,10,11 сыныптардың жетіспейтін оқулықтарын, мектепалды даярлық топтарының дәптерлерін және «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша мектеп кітапханасының негізгі қорын толықтыру мақсатында көркем әдебиеттерді сатып алу үшін барлығы 16 баспаға тапсырыс берілді.Қазрігі таңда Түпқараған ауданына баспалардан оқулықтар жеткізіліп, аудан мектептеріне таратылды. 1 сыныпқа арналған "Әліппе" және "Букварь" оқулықтары 1 қыркүйекте "Алғашықы қоңырауда" табысталады.
#ТүпқарағанБілім
2 маусым 2021
Түпқарағандық түлектер қайырымдылық жасауда
Түпқарағандық түлектер қайырымдылық жасаудаТүпқараған ауданының түлектері тарапынан жасалып отырған қайырымдылық шарасының бұл алғашқы емес, осыған дейін ауданға қарасты бірнеше мектеп қайырымдылық жасап, бітіру кештерінен бас тартқан еді. Биылғы пандемия жағдайы онсыз да кештерге тиым салды.Ұрпақтың бойына ізгілік пен адамгершілік дәнін себе білу - үлкен жетістік. Соңғы жылдары қоғамдағы ізгі істерді мектеп бітірушілердің қолға ала бастауы қуантады.«Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз?!» деп...2 маусым 2021
Түпқарағандық бүлдіршіндер өздері еккен өнімді ала бастады
Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылындағы «Ақбөбек» жекеменшік балабақшасының бүлдіршіндері өздері үшін арнайы жасалған жылыжайда өз қолдарымен отырғызған жемістердің алғашқы өнімдерін ала бастады.Сәуір айының басында жалпы ауданы 48 шаршы метрге жылыжай құрылысы салынған болатын. Поликарбонатпен жабылған жылыжай балабқша ауласындағы қазылған құдықтың жерасты тұщы суымен суарылады. Жерасты суын арнайы сыймдылығы үлкен ыдысқа жинап, күн көзіне жылытып, бір күннен кейін суару жұмыстары...1 маусым 2021
47 үздік оқушы қорытынды аттсетаттау бойынша емтихан тапсыруда
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаттарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №189 бұйрығы негізінде бүгін орта білім беру ұйымдарында 9 (10) сынып білім алушылары барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отыра оқыту тілі эссе нысанынанда жазбаша эмтихан тапсыруда. Түпқараған ауданы бойынша...28 мамыр 2021
Бүгін аудандағы барлық мектептерде 9-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау басталды.
...26 мамыр 2021
Санитарлық талаптарды сақтай отыра жазғы мектеп өз жұмыстарын бастады
Бүгін аудандағы барлық мектептерде барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра жазғы мектеп өз жұмыстарын бастады. «Барлық мектепте оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Сонымен бірге 19 маусымға дейін жазғы мектептер жұмыс істейді. Балалар өз қалауы бойынша, ата-аналарының өтінішімен 19 маусымға дейін сабақтарға қатыса алады. Мұғалімдердің еңбек демалысына қатысты еш өзгеріс болмайды. Педагогтер әдеттегідей жазда 56 күн демалады. Барлық жұмыс заң аясында, құқықтық нормаларды сақтай отырып...26 мамыр 2021
Жазғы мектеп жұмысы өз жұмысын бастады
Бүгін Таушық ауылындағы Шахта мектебінде ұйымдастырылған жазғы мектеп жұмысы өз жұмысын бастады. Оқушылар еркін формада, санитарлық талаптарды ескере отыра 26 мамыр мен 19 маусымға дейін оқиды. ...25 мамыр 2021
Соңғы қоңырау салатантты шарасы барлық санитарлық -эпидемиялогиялық талаптарды сақтай отыра болып өтті
Бүгін Түпқараған ауданы бойынша 11 мектепте 25 мамыр - Соңғы қоңырау салатантты шарасы барлық санитарлық -эпидемиялогиялық талаптарды сақтай отыра болып өтті. 428 мектеп бітіруші түлектерді алтын ұядан шығарып салу, оқу жылын қорытындылау шарасы 40 минуттан аспайтын уақыт аралығында қашқытықты сақтай отыра өткізілді. Маска тағу талаптарын қатаң сақтап, қонақтардың қатысуынсыз жүзеге асырылған шараны аудандық білім білім бөлімінің басшысы бақылауда ұстап, әр мектепке арнайы мамандарды...24 мамыр 2021
Серікқызы Арай Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің 140 ұпайының 133-ін жинады!!!
ТҮПҚАРАҒАНДЫҚ ОҚУШЫ ҰБТ-ДАН 133 БАЛЛ ЖИНАДЫТүпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласындағы Форт-Шевченко мектеп-интернатының 11 «Ә» сыныбының оқушысы Серікқызы Арай Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің 140 ұпайының 133-ін жинады. Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.Арайдың айтуынша, ол халықаралық қатынастар мамандығын таңдап отыр, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің мемлекеттік тапсырысын ұтып алғысы келеді. Мемлекеттік тапсырыс конкурсына қатысып, грантты жеңіп алса, ағылшын...20 мамыр 2021
Аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен мекемелерде санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау туралы жиналыс өткізілді
Түпқараған ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары төрағалығымен мекемелерде санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау туралы жиналыс өткізілді. Жиналысқа ауыл әкімдері, бөлім басшылары, «Адалдық алаңының» жетекшісі және мекеме басшылары қатысты. Аталған жиында білім бөлімінің басшысының м.а. Г.Нурымбетова «Білім беру ұйымдарындағы санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау және білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестау туралы» баяндамасын оқыды. Баяндамада...12 мамыр 2021
ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында Түпқараған аудандық білім бөлімі басшысы Айбаршын Утесбаева Форт-Шевченко қаласында тұратын еңбек және тыл ардагері Тұрған Оразалиеваны Жеңістің 76 жылдығымен құттықтаған аудан әкімі Айбек Қосуақовтың арнайы құттықтауын және мерекелік қоржын жеткізілді.Бейбіт күнді жақындатуда жанын аямаған жандардың қатары сиреп бара жатқаны қынжылтады. Ерліктері ел есінде қалатын батырлар мен олардың майдандағы өмірін жеңілдетуге барынша тылда...11 мамыр 2021
Екпе алу жалғасуда
Түпқараған аудандық білім бөлімі не қарасты М.Горький мектеп-лицейі, Шахта мектебі, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназия, Е.Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп пен "Балбөбек" балабақша қызметкерлері мен ұстаздары ұжымдық иммунитет қалыптастыру, вирустан өзін және жақындарын сақтандыру мақсатында "Спутник V" екпесін алды. Екпе алу әлі де жалғасын табады.#ТүпқарағанБілім ...5 мамыр 2021
"Жасөспірімдермен жасалатын құқықбұзушылықты және оларға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу" тақырыбында жасөспірім қыздар арасындағы жиын болып өтті
Бүгін Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп және Форт-Шевченко мектеп - интернатында Түпқараған аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Жасөспірімдермен жасалатын құқықбұзушылықты және оларға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу" тақырыбында аудандық білім бөлімінің басшысы Айбаршын Утесбаеваның төрағалығымен қыздар жиыны болып өтті. Жиынға аудандық аурухананың терапевт дәрігері Самал Әбілдаева және АІІБ ювеналды полиция тобының аға инспекторы...27 сәуір 2021
АУДАН ӘКІМІ ЧЕМПИОНДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
АУДАН ӘКІМІ ЧЕМПИОНДЫ ҚАБЫЛДАДЫБүгін аудан әкімі Айбек Қосуақұлы жасөспірімдер арасында бокстан Батыс Қазақстан, Орал қаласында өткен аймақтық Қазақстан Республикасы Чемпионатының Алтын медаль иегері Жанболат Орынбасарұлын қабылдады. Қабылдауға чемпионның бапкері Айдос Қанатов, аудан әкімінің орынбасары Талғат Алтынғалиев, аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғалиева мен аудандық спорт мектебінің директоры Болат Иса қатынасты.Қабылдау барысында аудан басшысы...7 сәуір 2021
ТҮПҚАРАҒАНДЫҚ МҰҒАЛІМ «YOUTUBE» АРНАСЫ АРҚЫЛЫ БЕЙНЕСАБАҚ ӨТКІЗЕДІ
ТҮПҚАРАҒАНДЫҚ МҰҒАЛІМ «YOUTUBE» АРНАСЫ АРҚЫЛЫ БЕЙНЕСАБАҚ ӨТКІЗЕДІТүпқараған ауданындағы Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Марат Қани «YouTube» платформасында жеке канал ашып, сабақ өткізеді. Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.Марат Қанидің көрермендер саны 5 000 асқан. Басым бөлігі мұғалімдер мен оқушылар. Ол елде карантинге байланысты бейнесабақтарын жүктеп, әр оқушының сабақ орындау тәртібіне мән береді.«Республиканың әр...4 сәуір 2021
Алтын медаль иеленді
Алтын медаль иелендіБатыс Қазақстан облысы, Орал қаласында Батыс Аймақтық Қазақстан Республикасы Чемпионатында, Түпқараған аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бокс бөлімінің тәрбиеленушісі, Есбол Өмірбаев жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы Орынбасарұлы Жанболат (44кг) салмақта Алтын медаль иеленді.Жас боксшы Жанболат Орынбасарұлы Қазақстан Республикасының Спорт Шеберіне Үміткері атанды. Сондай-ақ, алда өтетін Қазақстан Республикасы Чемпионатына тікелей жолдаманы жеңіп...18 наурыз 2021
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі табысталды
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі табысталдыБүгін «Nur Otan» партиясының Түпқараған аудандық филиалының ғимаратында Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов Түпқараған ауданы ардагерлерінің алдында өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берген кездесуінде Түпқараған аудан әкімінің орынбасары Талғат Алтынғалиев Таушық ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түгелбай Жеткізгеновке Білім және Ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері»...17 наурыз 2021
"Елбасы медалі" байқауына қатысқан түпқарағандық бір топ оқушылар Қола медалін иеленді
Жасы 14 пен 29 аралығындағы өр мақсатты Қазақстан жастарына арналған, «Алтын», «Күміс», «Қола» деңгейлерінің бірін таңдап, қарым-қабілеттерін жеті бағыт бойынша жетілдіретін (спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі). "Елбасы медалі" байқауына қатысқан түпқарағандық бір топ оқушылар Қола медалін иеленді.-----------------------------------------------------------...5 наурыз 2021
Бүгін білім бөлімі басшысы жанындағы мектеп директорларының офлайн Кеңесі болып өтті
Бүгін білім бөлімі басшысы жанындағы мектеп директорларының офлайн Кеңесі болып өтті.Аудандық білім бөлімі басшысы А.Утесбаеваның жүргізуімен өткен Кеңеске Түпқараған ауданы білім бөлімінің мамандары, «Түпқараған аудандық білім жүйесін дамыту орталығының» директоры, орынбасары, барлық білім беру ұйымдарының директорлары қатысты. Қаржылық жылға бөлінген қаражатты жоспарлау және орындау, уақытылы игеру туралы А.Умирбаева, І жартыжылдық бойынша білім сапасының қорытындысы Г.Нұрымбетова, Аудан...4 наурыз 2021
Ұстаздарға ҚР Білім министрлігінің Құрмет грамотасы, Алғысы, аудандық білім бөлімінің Құрметі мен Алғысы табысталды.
Кеңес соңында бір топ ұстаздарға ҚР Білім министрлігінің Құрмет грамотасы, Алғысы, аудан әкімінің Құрметі мен Алғысы, аудандық білім бөлімінің Құрметі мен Алғысы табысталды.Сонымен қатар, 36 жыл білім саласында қызмет еткен З.Баймырзаев мектебінің директоры Жаңылсын Есқалиева ҚР Білім және ғылым министрінің Ы.Алтынсарин атындағы белгісімен марапатталды.1961 жылы туылып, 36 жыл білім саласының дамуына үлес қосқан Жаңылсын Есқалиева 2012 жылдан бері Қызылөзен ауылындағы З.Баймырзаев орта...25 ақпан 2021
Түпқараған аудандық Психологиялық Кеңес құрамы құрылды
Түпқараған аудандық білім бөлімі нің 25- желтоқсандағы 263 н/қ бойынша бұйрығын негізге ала отырып, психикалық және психологиялық денсаулығын сақтауға жағдай жасау, әлеуметтік-психологиялық ахуал жасау және оқу-тәрбиелеу, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында Түпқараған аудандық Психологиялық Кеңес құрамы құрылған болатын.Бүгін Кеңестің бірінші отырысы өтуде. Оған Түпқараған аудандық білім бөлімі маманы Г. Нұрымбетова, әдіскер Н.Көкебаева және аудандық емхананың психиатор-...18 ақпан 2021
STEM ЛАБОРАТОРИЯЛАР ОРНАТЫЛДЫ
STEM ЛАБОРАТОРИЯЛАР ОРНАТЫЛДЫ«NCOC» компаниясы әлеуметтік міндеттемелері аясында өңірдің 6 мектебін STEM зертханалармен жабдықтады.Оның ішінде Түпқараған ауданының екі мектебіне орнатылған STEM зертханаларда оқушыларға заманауи оқу үрдісін жүзеге асыру үшін робототехника, жаңа үлгідегі компьютерлер, қыш бұйымдар жасайтын қондырғы және т.б. жабдықтар орнатылған.Зертханаларда оқушылар бастапқы кезенде алгоритмдер мен теориялармен танысады. Екінші кезеңде «Makeblok» жиынтығынан, ал үшінші кезеңде...8 ақпан 2021
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫБүгін, яғни 8 ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (аудандық, қалалық) кезеңі басталды.Пәндік олимпиада 11-ақпанға дейін аудан бойынша Ақшұқыр мектеп-лицейінде және Форт-Шевченко қаласы мен қала маңындағы ауылдар үшін М.Горький мектеп-лицейінде санитарлық нормалар талаптарымен жалғасады.Аудан бойынша қатысушы саны 348 оқушы. Оқушылар жаратылыстану- математикалық және...3 ақпан 2021
БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА
БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДАЭпидемиологиялық жағдайға байланысты NCOC компаниясы Ақтау қаласындағы 30 білім беру ұйымдарына және Түпқараған ауданының 21 білім беру ұйымдарының сынып бөлмелеріне барлығы 694 бактерицидті ауа рециркуляторлары жинағын орнатты. Сонымен қатар, балалар денсаулығына қамқорлық жасау мақсатында компанияның демеушілігімен Ақтау қаласындағы 30 білім беру орталықтарына барлығы 256 дана үш деңгейлі су сүзу жүйесі бар ауыз су бұрқақтары орнатылды. ...1 ақпан 2021