«Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі»


Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қ. Оңғалбайұлы көшесі №1

Сенім телефондары:
8(72938) 22749
8(702) 0623808

Бөлім жаңалықтары

0

Назарбаев Зияткерлік Мектебінде өткен практикалық семинар

Маңғыстау облыстық білім басқармасы мен Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі арасындағы меморандумға сəйкес, Түпқараған аудандық білім бөлімі мен білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 27 наурыз күні Түпқараған ауданының 130-дан астам мұғалімі Назарбаев Зияткерлік Мектебіне практикалық семинарға қатысты. Семинар 7 секция (CLIL, робототехника, төңкерілген сабақ, ағылшын тілі пəні мұғалімдеріне тілдік курс, педкеңес өткізудің жаңа форматы, критериалды бағалау, өнер пəнінен шеберлік сынып) бойынша өтті.

Семинарға ПШО директоры Қатира Қарасайқызы, облыстық оқу-əдістемелік орталықтың əдіскерлері қатысты.

  





21 желтоқсан 2023

ЖЫЛ ЕСЕБІ

 Түпқараған ауданы білім беру саласында 42 білім беру ұйымы қызмет етеді. Оның 29-ы мектепке дейінгі ұйым, 12 мектеп, 1 қосымша білім орталығы бар. Онда 2545 бала -мектепке дейінгі ұйымдарда, 10361 бала -мектепте, қосымша білімде – 1404 бала білім алады, 1346 педагог қызмет етеді. Білім саласындағы 2023 жылдың ішінде атқарылған жұмыстар мен нәтижелер: 2023 жылы Түпқараған ауданының мектепке дейін білім мен тәрбие жүйесінде 150 орын іске қосылды: 120 орындық 2 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым...

19 мамыр 2023

«Ұрпақтар сабақтастығы» республикалық ата-аналар форумында айтылған ой-пікірлер.

[img=976,w=200,u=0]  [img=824,w=200,u=0]  

10 мамыр 2023

Республикалық “ Абай оқулары” байқауы

Нұрнияз Жанар-Сайын Шапағатов мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы. Республикалық “ Абай оқулары” байқауының аудандық, облыстық кезеңдерінің жеңімпазы. Ұстазы Таңбай Нұрзаданың жетекшілігімен Абай өлеңдерін сүйіп оқып, жатқа айтып келеді. Қазіргі таңда Жанар Абайдың 150 өлеңін жатқа оқиды. Республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!! ...

10 мамыр 2023

«Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктанты өткізілді

2 мамыр 2023

Түпқараған ауданы әкімінің кезекті аппарат жиыны өтті

 Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Рахат Елтизаровтың төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Басқосуда ауданның оперативтік жағдайы, елді мекендердегі көгалдандыру жұмыстарының 2022 жылғы атқарылған жұмыстары мен 2023 жылғы жұмыстары мен 2023-2028 жылдарға кадр дайындау мәселелері туралы сөз болды. Кезекті мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат төрағасы А. Нұғманов, «Аmаnат» партиясы ТАФ атқарушы хатшысы С. Жолдасова, Түпқараған аудандық Қоғамдық кеңесінің...

12 сәуір 2023

Ауданның білім саласы бойынша атқарылған жұмыстары туралы

 Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Қоғамдық Кеңесінің жоспарлы кезекті отырысы болып өтті. Отырысқа Қоғамдық Кеңес мүшелерімен бірге аудандық мәслихат төрағасы А.Ж.Нугманов, мәслихат депутаттары- Е. Естурлиев, О. Нұрболған, Н. Тлепов, аудан әкімінің орынбасары Б. Б. Әзірханов қатысты. Қоғамдық кеңеске Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы А.Утесбаева «Ауданның білім саласы бойынша атқарылған жұмыстары туралы» және «Білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік көрсетілетін...

23 қыркүйек 2022

Түпқараған ауданы бойынша 2021-2022 оқу жылының қорытындысы және білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар туралы

 Маңғыстау облысының білім басқармасында ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні білім саласының өзекті мәселелері бойынша кезекті алқа отырысы өтті. Алқа отырысына алқа мүшелері, аудандық, қалалық білім бөлімдері мен әдістемелік орталықтардың басшылары, білім басқармасына қарасты облыстық мектептердің, орталықтардың, арнайы білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.  Алқа отырысы барысында бірнеше мәселелер қаралды. Оның ішінде: «Түпқараған ауданы бойынша 2021-2022 оқу жылының қорытындысы және...

25 тамыз 2022

Түпқараған аудандық филиалы жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

 Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 25 күні "Amanat" партиясы Түпқараған аудандық филиалы жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыста білім бөлімінің басшысы А.Утесбаева «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» жол картасының 79 және 86 тармағының орындалуы» туралы баяндама жасады. Баяндамада: 79-тармақ бойынша: 1жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен 87% -ға қамтамасыз ету және 86-тармақ бойынша:...

16 тамыз 2022

Түпқараған ауданы әкімінің кезекті аппарат жиыны өтті

Аудан әкімі Рахат Елтизаровтың төрағалығымен кезекті аппарат жиыны болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен квазимемлекеттік мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде аудандағы білім беру ұйымдарының 2022-2023 оқу жылдарына дайындығы қаралды. Аудандағы білім беру ұйымдарының 2022-2023 оқу жылдарына дайындығы туралы білім бөлімінің басшысы А. Утесбаева ақпарат беріп өтті. «Балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту бағыты бойынша...

21 шілде 2022

Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Д. Жұмашеваның төрағалығымен өткен аппараттық жиналыс

Ағымдағы жылдың 21 шілде күні білім басқармасының басшысы Д.Жұмашеваның төрағалығымен аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен, облыстық оқу-әдістемелік орталықтың басшылық құрамымен отырыс өтті. Отырыс барысында жаңа оқу жылына дайындық, қауіпсіздік және санитарлық шаралары, білім беру ұйымдарына оқушылар қабылдау, балабақшалардың қызметі мен лицензиялау мәселелері, қосымша біліммен қамтамасыз ету, кадрға қатысты сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар, бөлім басшысы А.Утесбаева...

12 мамыр 2022

Aудандағы білім беру ұйымдарында жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтырылу демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері туралы

2022 жылғы 12 мамырда Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.  Семинар-кеңеске полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары А.Джаумбатов, төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Б.Мұратов, Маңғыстау облысының санитариялық - эпидемиологиялық...

6 желтоқсан 2021

«Nur Otan» партиясы Түпқараған аудандық филиалы жанындағы ауданның дамуы жөніндегі және білім мен ғылымды дамыту, ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті

2021 жылдың 06 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Түпқараған аудандық филиалы жанындағы ауданның дамуы жөніндегі және білім мен ғылымды дамыту, ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа: «Nur Otan» партиясы Түпқараған аудандық филиалы жанындағы білім мен ғылымды дамыту және ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық төрайымы Б. Джулдибаева, әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Н.Адеков, қоғамдық кеңес...

8 қыркүйек 2021

«Қауіпсіз мектеп автобусы» ресубликалық акциясы

Түпқараған ауданы бойынша білім бөліміне қарасты мектептерде ағымдағы жылдың 09 тамызынан 20 қыркүйегіне дейінгі аралықта жыл сайынғы  «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы өткізілуде. Акция аясында білім беру ұйымдарында ата-аналар қоғамдастығы, мүдделі органдар ҮЕҰ бірлесіп, жол көлік оқиғаларының алдын алу бойынша қызметін жандандыру,тасымалдауды ұйымдастыруды бақылау т.б. іс-шаралар өткізу бойынша жергілікті полиция қызметінің қатысуымен іс-қимыл жоспары жасақталып,...

2 қыркүйек 2021

NCOC компаниясы биыл 1-сыныпқа баратын 100 балаға сөмке және оқу құралдарымен көмек көрсетті

Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі 1 қыркүйек – Білім күніне орай, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында аудандық «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыруда. Осыған орай,  NCOC компаниясы биыл 1-сыныпқа баратын  100 балаға сөмке оқу құралдарымен көмек...

31 тамыз 2021

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Түпқараған аудандық мәдениет үйі ғимаратында «Білім мен ғылым- елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы Түпқараған ауданы педагогтерінің тамыз конференциясының пленарлық отырысы болып өтті.Конференцияға Түпқараған ауданының әкімі Қосуақов Айбек Қосуақұлы, аудан әкімінің орынбасары Алтынғалиев Талғат Алтынғалиұлы, қала, ауыл әкімдері, «Нұр Отан» партиясының Түпқараған аудандық филиалы төрағасының І орынбасары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары,...

29 тамыз 2021

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫНА ОҚУЛЫҚТАР ЖЕТКІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы негізінде білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша қайта басылып шығатын 1 сынып оқулықтары мен оқу - әдістемелік құралдарына және 3,7,8 сыныптарға информатика оқулықтарын және қорландыру циклі бойынша 2,3,4,5,6,7,8,9,10,11 сыныптардың жетіспейтін оқулықтарын, мектепалды даярлық топтарының дәптерлерін және «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша мектеп кітапханасының негізгі қорын толықтыру мақсатында...

27 тамыз 2021

БИЫЛ ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫНДА 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ МЕКТЕПКЕ БАРАДЫ

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Түпқараған ауданы білім бөлімінің басшысы Айбаршын Өтесбаева мәлім етті.Оның айтуынша, ауданда жаңа оқу жылында мектепке барлығы 9300 оқушы барады. Өткен жылмен салыстырғанда 556 оқушыға артып отыр. Жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастау үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.«Мектептерде санитарлық-эпидемилогиялық талаптарды сақтау мақсатында ішкі қаражаттан барлығы 11 миллион теңге бөлінді. Оған мектепке кварцтар, санитайзерлер мен...

27 тамыз 2021

ТҮПҚАРАҒАНДЫҚ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін, 26 тамыз күні Маңғыстау облысы педагогикалық қызметкерлерінің «Білім мен ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында өткен облыстық тамыз конференциясында облыс әкімі С.Трұмов ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтап, білім саласында еңбегі сіңірген, үздік көрсеткіш көрсеткен еңбектері мен білімді дамытудағы қосқан үлестері үшін бірқатар педагогтарға «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин» төсбелгілерімен, ҚР Білім...

27 тамыз 2021

Түпқараған ауданы бойынша 16 түлек жергілікті бюджет есебінен бөлінген білім беру грантын иеленді

Түпқараған ауданы бойынша 16 түлек жергілікті бюджет есебінен бөлінген білім беру грантын иеленді. Оның ішінде педагогикалық мамандықты таңдаған – 6.Педагогикалық мамандықты таңдаған түлектердің 4-і арнайы педагогиканы таңдаған, математика дұғалімін даярлау – 1, шетел тілі мұғалімдерін даярлау – 1.Сонымен бірге, жалпы медицинаны – 6, Орындаушылық өнер – 2, дінтану және теология – 1, кітапхана ісі, ақпараттық өңдеу, мұрағат ісі –1 . Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетіне...

23 тамыз 2021

БИЫЛ ТҮПҚАРАҒАНДА 1085 БАЛА БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРАДЫ

Бұл туралы Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Айбаршын Утесбаева мәлім етті.“Ауданда білім саласының жаңа оқу жылына дайындығы қарқынды жүруде. Ауданда 11 жалпы білім беру мекемесі бар. Жаңа оқу жылын аудан мектептері 1-11 - сыныптарды 9300 оқушы, оның ішінде бірінші сынып 1085 оқушымен бастағалы тұр. Биыл аудан бойынша жаңа оқу жылына 9300 бала мектеп табалдырығын аттайды деп жоспарладық. 1-сынып бойынша 1085 өтініш келіп түсті",- дейді Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің...

22 тамыз 2021

“ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТТАҒЫ ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ”

Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Айбаршын Утесбаева алдағы оқу жылын дәртүрлі форматта өткізуге дайындалып жатқанын, бірақ соңғы шешім эпидемиологиялық ахуалға қарай Бас санитар дәрігердің шешіміне байланысты болатынын жеткізді.Мектептердегі ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін, індеттен сақтану және балалардың денсаулығына залал келтірмеу үшін аудандағы мектеп ұжымдары коронавирусқа қарсы екпе алуда.Айбаршын Қуанышқалиқызының мәліметінше аудандағы мұғалімдердің 85%-ы...

13 тамыз 2021

«Nur Otan» партиясы Түпқараған аудандық филиалы депутаттық фракция отырысы өтті

 Ағымдағы жылдың тамыз айының 13 күні «Nur Otan» партиясы Түпқараған аудандық филиалы депутаттық фракция отырысы өтті. Фракция мүшелері, мәслихат депутаттары, бөлім басшылары қатысқан жиын барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттары және партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты жол картасының орындалуы бойынша мәселелер талқыланды.  «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты жол картасының орындалуы және аудан...

6 тамыз 2021

ХАБАРЛАНДЫРУ

Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі 2021-2022 оқу жылына Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін білім беру ұйымдарында «Қамқоршылық кеңес» құрылады. Қамқоршылық кеңестің құрамына төмендегі санаттағы тұлғалар мүше...

6 тамыз 2021

“ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТТАҒЫ ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Айбаршын Утесбаева алдағы оқу жылын дәртүрлі форматта өткізуге дайындалып жатқанын, бірақ соңғы шешім эпидемиологиялық ахуалға қарай Бас санитар дәрігердің шешіміне байланысты болатынын жеткізді.Мектептердегі ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін, індеттен сақтану және балалардың денсаулығына залал келтірмеу үшін аудандағы мектеп ұжымдары коронавирусқа қарсы екпе алуда.Айбаршын Қуанышқалиқызының мәліметінше аудандағы мұғалімдердің 85%-ы...

Соңғы хабарлар

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

13


Мектептер


Оқушылар саны

8572

Ұлдар: 4346 (50.7%)
Қыздар: 4226 (49.3%)


Мұғалімдер саны

713

Ерлер: 95 (13.3%)
Әйелдер: 618 (86.7%)

ҚР мемлекеттік рәміздері