«Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі»


Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қ. Оңғалбайұлы көшесі №1

Сенім телефондары:
8(72938) 22749
8(702) 0623808

Бөлім жаңалықтары

0

ЖЫЛ ЕСЕБІ

 Түпқараған ауданы білім беру саласында 42 білім беру ұйымы қызмет етеді. Оның 29-ы мектепке дейінгі ұйым, 12 мектеп, 1 қосымша білім орталығы бар. Онда 2545 бала -мектепке дейінгі ұйымдарда, 10361 бала -мектепте, қосымша білімде – 1404 бала білім алады, 1346 педагог қызмет етеді. Білім саласындағы 2023 жылдың ішінде атқарылған жұмыстар мен нәтижелер: 2023 жылы Түпқараған ауданының мектепке дейін білім мен тәрбие жүйесінде 150 орын іске қосылды: 120 орындық 2 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылды және жұмыс жасап тұрған балабақшалар 30 орынға кеңейтілді. Нәтижесінде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту - 100%, 2-6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 95% құрады (2022 жылы – 81,3%). Ауданда 29 мектепке дейінгі ұйым бар, оның ішінде: 11 мемлекеттік, 18 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар. Онда 2545 бала тәрбиеленеді. Қыркүйек айынан бастап мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру үшін 4 млн.156 мың тг қосымша қаражат бөлінді, яғни 63 тәрбиеленуші тегін тамақтандырылады. Балабақшаларда 322 педагог жұмыс жасайды. Жыл ішінде 57 педагог біліктілігін арттырды. Қыркүйек айынан бастап 322 тәрбиешінің жалақасы 30% -ға өсті. Оқу-әдістемелік орталықтар жанынан 1 мобильді топ және балабақшалар базасында 1 құзіреттілік орталық құрылды. Ауданда 12 мектеп жұмыс жасайды: 11 жалпы білім беретін мектеп, 1 жекеменшік мектеп. Онда барлығы 10361 оқушы білім алады. ​Бүгінгі таңда ауданда үш ауысымда оқитын 2 мектеп (2080 оқушы), оқушы орынының тапшылығы бар 2 мектеп (2285 оқушы) бар. ​Үш ауысымды мектептерді жою мақсатында Ақшұқыр ауылынан «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясының жанынан 300 орындық мектептің қосымша құрылысы жүргізілуде, пайдалануға беру уақыты 2024 жылға жоспарланған. «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында А.М.Горький мектеп-лицейінің жанынан 125 орындық қосымша құрылыс пайдалануға берілді. ​Жер қойнауын пайдаланушы инвестордың есебінен Сайын Шапағатов ауылдық округінен 1200 орындық мектептің құрылысы басталды. 2024 жылы пайдалануға беріледі. Форт-Шевченко қаласынан 260 орындық кәсіптік бағдар беру және өнер мектебінің құрылысы басталды. Құрылыс 2024 жылы аяқталады. Сонымен қатар, Ақшұқыр ауылынан 60 орындық Өнер мектебінің бөлімшесі іске қосылды. Түпқараған ауданы бойынша барлық мектептердің интернет жылдамдығы -100 Мбит/с. Оның ішінде, 8 мектептің интернетке қосылу технологиясы талшықты-оптикалық байланыс желілер (ВОЛС) жүйесіне қосылған. ​2023 жылы 3 мектепті жаңарту жұмыстары (ағымдағы жөндеу, модификациялық кабинеттер сатып алу, бейнебақылау камераларын орналастыру) жүргізілді. 3 мектепке 7 физика, химия, биология кабинеттері сатып алынды және NCOC компаниясының демеушілігімен 2 мектепке STEM кабинеттері алынды. Президенттің тапсырмасы негізінде 1-4 сыныптар мен аз қамтылған отбасылардан 4838 бала 100% ыстық тамақпен қамтылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарында сақтық шаралары күшейтілді. Мекемелердің техникалық жарақтануы толықтай қол жеткізілді. Барлық білім беру ұйымдары дабыл тетігіне қосылды. Білім беру ұйымдары бейнебақылау камераларымен қамтылды, Полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылды. Білім сапасын арттыру мақсатында аудан мектептеріне кешенді талдау және зерделеу жұмыстары жоспарланып, әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясының қосымша үлесінің қолдауымен «Шалғайдағы және ауылдық мектептерді қолдау» (RARS) жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаға Ақшұқыр мектеп -лицейі қатысуда. 2 оқушымыз (Ө.Жолдасбеков атындағы Халықаралық ғылыми жоба байқауында Сансызбай Ырысжан мен Гумарова Гүлнұр - 2 орын, Москва қаласында өткен «Математика ж/е жобалау» Халықаралық ғылыми конкурсынан Гумарова Гүльнұр - 3 орын) халықаралық деңгейде өткен олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері, 5 оқушы (Көңілқос Жүсіп, Сабырбай Кәусар – Ақшұқыр мл, Жаңбырбай Хангелді, Жәңгірхан Атажан – М.Әбдіхалықов мг, Нұрасылқызы Нұрай – ғ.Айдаров атындағы №1 мл)жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобаның жеңімпазы, 46 оқушы республикалық жарыстардың жеңімпаздары атанды. 21 оқушы республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы болып, Ақшұқыр мектеп-лицейі «Үздік ауыл мектебі» номинациясын иеленіп, «100 үздік олимпиадалық мектеп» қатарына енді. Аудан бойынша білім саласында 1346 педагог жұмыс жасайды. (Оның ішінде мектепте-983 педагог, садикте – 322 педагог, қосымша білім-41). Аудандағы жалпы педагогтардың санынан біліктілік санаты бар педагогтардың үлесі – 755 педагог. 56 пайыз (педагог-шебер – 27, педагог-зерттеуші –154, педагог-сарапшы –182, педагог-модератор –326, жоғары-2, I санат -33 , II санат – 31) 2022-2023 оқу жылында 65 жас маман жұмысқа орналасты. 2023-2024 оқу жылының қарсаңында 9 білім беру ұйымы бос орындарға педагогтарды қабылдау бойынша конкурс өткізді. Конкурсқа 130 кандидаттан құжат қабылданды. Конкурс нәтижесінде 88 педагог (74 педагог жоғары оқу орнын бітірген жас мамандар) жұмысқа орналасты. Оның ішінде 3 жас маман Облыс әкімінің грантымен бітіріп келді. Қосымша біліммен қамту 81,1% өсті. Алдағы жылда ауданның білім саласындағы жоспарлы жасалатын жұмыстар қарқынды жүргізіледі.

 





26 қаңтар 2021

Ілияс Жансүгіров оқуларының облыстық кезенінен түпқарағандық оқушы Бақтыгулова Айгерім - Бас жүлде иеленді

Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең құдіретін сезіндіріп, түсіне білуге, ізденуге үйрету мақсатында республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңі өткен болатын.25 қаңтар күні жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында өткен байқауға аудан, қала және облыстық мамандандырылған мектептерден оқушылар қатысып, түпқарағандық оқушы Бақтыгулова Айгерім - Бас жүлде иеленді.Айгерім М.Әбдіхалықов атындағы...

24 қаңтар 2021

ОТЫЗҒА ТАРТА ЕР МҰҒАЛІМ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕБІ

ОТЫЗҒА ТАРТА ЕР МҰҒАЛІМ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕБІТүпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында 2014 жылы ашылған Ақшұқыр-мектеп лицейі білім беру саласында "Үздік ауыл мектебі" ретінде дараланады. Бүгінде 1507 оқушыға білім беріп отырған ауыл мектебінде барлығы 123 мұғалім қызмет етеді.Сондай-ақ, бұл меткеп кадрлық ерекшеліктерімен де назарға ілігуде. Сапалық кадрлары жағынан республикалық мектептерден едәуір айырмашылығы бар.Өйткені, аталған ұжымда 30-ға жуық ер мұғалім қызмет етсе, олардың...

11 қаңтар 2021

ҰБТ (қаңтар) 3 міндетті және өзі таңдаған білім беру бағдарламалары тобы бойынша 2 бейіндік пән бойынша тест тапсырылады.

ҰБТ – 2021ҰБТ (қаңтар) 3 міндетті және өзі таңдаған білім беру бағдарламалары тобы бойынша 2 бейіндік пән бойынша тест тапсырылады.✅ Қазақстан тарихы – 15 тест тапсырмасы;✅ Математикалық сауаттылық – 15 тест тапсырмасы;✅ Оқу сауаттылығы – 20 тест тапсырмасы;✅ 1 Бейіндік пән – 35 тест тапсырмасы;✅ 2 Бейіндік пән – 35 тест тапсырмасы.Барлығы 120 тест тапсырмасы.Максималды балл – 140 (бейіндік пәндер сұрақтарына бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау ұсынылады)⏰Жалпы тестілеу уақыты – 4 сағат...

10 қаңтар 2021

Грантты жұмыспен өтеу шарттары жеңілдетілді

Грантты жұмыспен өтеу шарттары жеңілдетілді...

11 қараша 2020

ТҮЛЕКТЕРГЕ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА БАҒЫТ БЕРІЛДІ

  ТҮЛЕКТЕРГЕ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА БАҒЫТ БЕРІЛДІАудан орталығындағы Есбол Өмірбаев атындағы орта мектебінде мектеп психологтарының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушыларына "Мамандықтың түрі бар. Таңдап, талғап бірін ал" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.Zoom платформасында оналайн өткен кездесуге Түпқараған ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Мадина Капурын және Қоғамдық денсаулық сақтау министрі, Түпқараған орталық аудандық аурухана директорының орынбасары Меңдалиев Нұрбол...

29 қазан 2020

Білім бөлімі жанындағы мектепке дейінгі ұйым директорларының онлайн кеңесі

Бүгін Түпқараған аудандық білім бөлімі басшысы Айбаршын Утесбаеваның төрағалығымен білім бөлімі жанындағы мектепке дейінгі ұйым директорларының онлайн Кеңесі болып өтті. Оған мектепке лейінгі білім беретін аудандағы 11 мемлекеттік, 11 жеке балабақшалар директорлары қатысты.Кеңес күн тәртібі бойынша " ҰББДҚ (НОБД) -ның сапалы толтырылуы және балабақша сайттарының жай-күйі" туралы М. Қауымбаева, "2020-2021 жылғы оқу жылындағы білім беруді қашықтан ұйымдастырудағы мектепке дейінгі ұйымдардағы...

28 қазан 2020

Білім бөлімі жанындағы мектеп директорларының онлайн Кеңесі

Бүгін білім бөлімі басшысы Айбаршын Утесбаеваның төрағалығымен білім бөлімі жанындағы мектеп директорларының онлайн Кеңесі болып өтті. Zoom платформасында ұйымдастырылған онлайн кеңестің күн тәртібінде 5 негізгі тақырып бойынша атқарылған жұмыстар есебі тыңдалды. Онда "Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарының орындалысы, қорытындысы" туралы Р.Оразатова, "ҰББДҚ (НОБД) –ның сапалы толтырылуы және мектеп сайттарының жайы туралы" М.Қауымбаева, "2020-2021 жаңа оқу жылындағы...

19 қазан 2020

"Алма" жекеменшік балабақшасы

Түпқараған ауданында халық көп шоғырланған Ақшұқыр ауылында 2017 жылы Тәуелсіздік мерекесінде ашылған "Алма" жекеменшік балабақшасы негізі 140 тан аса бала қабылдауға мүмкіндігі бар. Алайда әлемдегі короновирус, елдегі карантиндік жағдайларға байланысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындай отыра, ата-аналар сұранысымен бүгінгі таңда 37 орынмен қызмет көрсетуде.Аудандағы жеке балабақшалардағы санитралық талаптардың сақталуы Түпқараған аудандық білім бөлімінің тұрақты қадағалануымен...

13 қазан 2020

"Керемет" жеке балабақшасы

Сайын Шапағатов ауылындағы 75 балаға арналған "Керемет" жеке балабақшасы да өзінің карантиндік жағдайдағы жұмысын қатаң талаптарды сақтай отыра, 25 баламен жалғастыруда. Балабақша санитарлық талаптарды қатаң бақылауда ұстап, кварцтау, хлорлау, желдету жұмыстарын жасап, балалардың арасында қашықтық сақтау белгілерін де орнатқан. Жеке балабақшаларда аудан балаларының қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін білім бөлімінің бақылау жұмыстары жүргізілуде  ...

7 қазан 2020

"Ұстаздар династиясы" атанған отбасы

"Ұстаздар династиясы" атанған отбасыҰстаздар мерекесі қарсаңында ұзақ жыл ұстаздық қызмет атқарған, ұстаздар отбасынан шығып, ұстаздық қызметті жалғаған ұстаздар династиясы - Оңайбай Абдирахмановтар отбасына аудандық білім бөлімінің басшысы Айбаршын Қуанышқалиқызы бастаған ұстаздар арнайы құттықтап барды.Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының «Құрметті Азаматы», «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі, Халықаралық экология және инженеринг ғылым академиясының «А.Байтұрсынов атындағы» төсбелгісі...

14 шілде 2020

1 қыркүйектен бастап мектептер қашықтан оқитын болады

10 шілде 2020

EGOV бойынша бірінші сыныпқа қабылдау және мектептер арасында ауысу

...

9 шілде 2020

Жаңадан бейнебақылау камералары орнатылды

Алдағы жаңа оқу жылына дайындық барысы. Аудан мектептеріндегі оқушылардың қауіпсіздігін бақылау мақсатында ҚР Үкіметінің №191 қаулысына сәйкес М.Горький атындағы мектеп-лицейге жаңадан бейнебақылау камералары орнатылды. Аудандағы бұрын бейнебақылау камераларымен қамтылған кейбір мектептердегі бейнебақылаулардың жөнделуге жататындарына жөндеу жұмыстары жасалынуда. Дереккөз: Түпқараған аудандық білім бөлімі  ...

3 шілде 2020

Түпқараған аудандық білім бөлімінде бөлім жанындағы ақпараттық жиын онлайн түрінде ұйымдастырылды

Түпқараған аудандық білім бөлімінде бөлім жанындағы ақпараттық жиын онлайн түрінде ұйымдастырылып, оған барлық мектеп директорлары мен жауапты мамандар қатыстырылды. Қашықтан өткізілген ақпараттық жиынды бөлім басшысы Айбаршын Утесбаева жүргізіп отырды. Алдымен 2019-2020 оқу жылының маусым айындағы ҰБТ қорытындысы, Республикалық және жергілікті бюджет қаржысының игерілуі сияқты күн тәртібінен түспейтін мәселелермен бірге, мектептердегі компьютерлердің "цифрлық портфелге" сәйкестігі жөніндегі...

23 маусым 2020

Бүгін Форт-Шевченко мектеп интернатынан 35 түлек ҰБТ тапсыруға тест тапсыру алаңына кірді

Бүгін Форт-Шевченко мектеп интернатынан 35 түлек ҰБТ тапсыруға тест тапсыру алаңына кірді.Естеріңізге сала кетейік, өткен 21 маусым күні ауданымыздан алғашқы болып ҰБТ-ні Есбол Өмірбаев атындағы орта мектебінің 25 түлегі бастап тапсырған болатын. Өткен ҰБТ бойынша аудан түлектері тарапынан заң бұзушылықтар, қателіктер орын алмады.Бүгін екінші топ ретінде ҰБТ тапсыру аудан орталығындағы жаңа білім ордасының түлектеріне де келіп жетті. Тест тапсырушы түлектерге сәттілік тілейміз!  ...

4 маусым 2020

Мемлекеттік рәміздер – біздің тарихымыздың таңбасы

Құрметті, түпқарағандық бүлдіршіндер, оқушылар, ата-аналар, тәрбиешілер мен ұстаздар! Сіздерді 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз!  Мемлекеттік рәміздер – біздің тарихымыздың таңбасы, ұлттық құндылықтарымыз айшықталған айрықша нышандарымыз. Ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Рәміздердегі әр нышан арқылы қазақстандық қоғамның әлем алдындағы бейнесі қалыптасады.

1 маусым 2020

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны өтуде

«Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен білім беру ұйымдарының оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен онлайн форматта іс-шаралар өтіп жатыр. 

1 маусым 2020

Бақытты балалық шақ толыққанды тұлға болып қалыптасудың алғышарты.

Болашақ бала шақтан басталады. Бақытты балалық шақ толыққанды тұлға болып қалыптасудың алғышарты. Сол себептен де әрбіріміз балаларымыздың болашағы үшін олардың бойына түрлі құндылықтар мен қасиеттерді сіңіру жауапкершілігін бүгіннен сезінуіміз керек. Олардың әр сәттен ләззат ала алатын ақ жарқын көңілін кірлетпей, жандарына жақсылықты дарыту арқылы біз жарқын болашақты құрамыз. 

29 мамыр 2020

Суға шомылу маусымы кезінде тұрғындардың қауіпіздігінің алдын алу

Суға шомылу маусымы кезінде тұрғындардың қауіпіздігінің алдын алу туралы онлайн режимде жиналы өтті.  

25 мамыр 2020

Ұлттың болашағы ұрпағында, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында

Бүгінгі күн – мектеп бітіруші жас түлектеріміздің жаңа өмірге қанат қағып, жаңа жолдарға аяқ басатын алғашқы күні. Сонымен қатар, мектеп қабырғасындағы қоңырау үнін елегізе тыңдайтын соңғы күн. Бұл қоңырау - мектеп қабырғасынан шыққан біздің әрбірімізге де таныс, жүрегiмізге жылы естіледі. 

21 мамыр 2020

Психология және инклюзивті білім беру бойынша әдістері

Білім Жүйесін Дамыту Орталығы-ның ұйымдастыруымен "Психология және инклюзивті білім беру бойынша әдістері" тақырыбында онлайн семинар өтті. 

4 мамыр 2020

Мектеп бітіруші түлектер

2020-2021 оқу  жылында Түпқараған ауданында 332 түлек мектеп бітіреді, оның ішінде 326 (98,2%)  түлек ҰБТ –ге қатысуға ниет білдіріп отыр. Сондай-ақ, түлектеріміздің 16 -сы «Алтын белгіге», 11 түлек «Ерекше аттестатқа» үміткер.  ...

4 мамыр 2020

Онлайн жиналыс

"Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы" ҚБ төрайымы Баймбетова Тәрбия Анайбекқызымен бөлім басшысы Утесбаева Айбаршын Қуанышқалиқызы жалпы орта білім беру ұйымдары, қосымша білім беру ұйымы және білім жүйесін дамыту орталығы директорларымен онлайн жиналыс өткізді.  Талқыланған мәселелер:...

30 сәуір 2020

Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Соңғы хабарлар

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

13


Мектептер


Оқушылар саны

8572

Ұлдар: 4346 (50.7%)
Қыздар: 4226 (49.3%)


Мұғалімдер саны

713

Ерлер: 95 (13.3%)
Әйелдер: 618 (86.7%)

ҚР мемлекеттік рәміздері