«Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі»


Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қ. Оңғалбайұлы көшесі №1

Сенім телефондары:
8(72938) 22749
8(702) 0623808

Шаралар

0

«Абайдың дара жолымен....» атты ақпараттық-танымдық сұхбат

2020 жылғы 21 ақпан күні  Ақтау қаласындағы  «Білім-инновация лицейінің» ғимаратында «Абай  әлеміне саяхат» республикалық  рухани орталығының іс-шаралар жоспарына сай,  Маңғыстау облысы білім басқармасы облыстық  оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының 20.02.2020 жылғы №20нқ бұйрығымен  ұлы ақын- Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абайдың дара жолымен....» атты  ақпараттық-танымдық сұхбат өтті.  Іс –шараны Түпқараған ауданы мектептерінің  «Абай әлеміне саяхат клубының» мүшелері мен ұстаздары ұйымдастырды.

Мақсаты: Қазақтың бас ақыны-Абай Құнанабавтың қазақ поэзиясындағы орнын таныту, ұрпақ тәрбиесі жөніндегі ой-толғамдарының  құдіретін сезінуге баулу, ұлттық өнердің өміршеңдігін насихаттау, оқушы бойына шығармаларындағы ой-пікірлеріндегі  сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулып, адамгершілік рухани қасиеттерді сіңіру.

Аудан ұстаздары сұхбат өтетін залды М.Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша, Абай аулы көшінің  Бақанас өзенінің бойына қонатын  оқиғасы желісімен, қазақы нақышта  жабдықтады. Ақпараттық-танымдық сұхбатқа Ш.Есенов атындағы  Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинеринг университетінің  профессоры  Қобланов Жоламан Таубайұлы және Семей университетінің түлегі, абайтанушы ғалымдардың көзін көрген Түпқарағандық ұстаз- Баймырзаев орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Омарова Айгүл Жұмаханқызы қатысты. Сұхбатты Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектептегі  «Абай әлеміне саяхат» клубының мүшесі Арғынов Қосай Арғынұлы жүргізді. Өзгеше форматта өткен іс-шарада шақырылған қонақтар :

Абай дегенде сіздердің есіңізге қай шығармасы немесе қай философиялық толғамы еске түседі?

Қазақ қоғамын Абай арқылы тәрбиелеу, жас ұрпақтың санасын Абай сәулесімен нұрландырып, олардың «толық адам» болып қалыптасуы үшін нені білмек керек һәм кімнен ғибрат алмақ керек?

Ахмет Байтұрсынов айтқандай, «Абайды бүкіл қазақ білу керек, бірақ оның кейбір ойларын, кейбір сөздерін мың рет оқысаң да түсінбейсің» деп, Абайды білу қиын, десе де Абайды тану үшін, Абайды білу үшін жас ұрпаққа қандай нұсқау беруіміз керек?

Абайды толыққанды танып болдық деп айта аламыз ба?-деген сұрақтарға тұщымды жауаптар беріп, өз ойларымен бөлісті. Түпқарағандық жас ақындар Абай атасына жыр арнаса, жас дарындар Абай өлеңдерінен сайысып, жас өнерпаздар күйін шертіп, өнерлі ұстаздар әнін шырқады.

Ақпараттық-танымдық сұхбат соңы  облысымыздың өзге аудандары мен «Оқушы» орталығынан келген әріптестардың жылы лебіздері мен келелі пікірлеріне жалғасты. Шара соңында сөз алған «Түпқараған аудандық білім дамыту орталығының директоры»  Қанжан Гүлшат Тәуірханқызы  қатысушыларға іс-шараның мақсат-бағытын түсіндірсе, «Облыстық  оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының»  әдіскері Ибрашова Гүлзада сұхбат қонақтарына естелік кітаптар ұсынып, ұйымдастырушы

 





26 желтоқсан 2019

"Психологиялық зерттеулер мен тәжірибедегі инновациялық технологиялар" тақырыбында конференция

22 желтоқсан  - адам жан саулығының  сақшысы бола білген  психолог мамандардың кәсіби мерекесі. Осыған  байланысты, ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні Түпқараған аудандық білім жүйесін дамыту орталығының іс-қимыл жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының психологтарына "Психологиялық зерттеулер мен тәжірибедегі  инновациялық технологиялар" тақырыбында конференция болып өтті. Психологтар жұмысымен қоғамды таныстыру, психологтардың статусын көтеру, білім жүйесін...

15 қараша 2019

Жетекші мектеп семинары

Ағымдағы жылдың 14 қараша күні Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында серіктес мектептер арасында «Сабақта оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану» тақырыбында семинар болып өтті. Семинарға жетекші мектепке қарасты 5 мектептен мұғалімдер қатысты. Өткізілген ашық сабақтар мен шебер сынып, коучинг және сыныптан тыс шаралардан үлкен әсер алып, тәжірибелерімен бөлісті. Жаңартылған оқыту бағдарламасы шеңберінде сабақ өткізген тарих пәнінің мұғалімі Дүйсебек Зулейха, география пәнінің мұғалімі...

3 мамыр 2019

"Үздік педагог-2019" конкурсы

    Ағымдағы  жылдың 03 мамыр күні  аудандық білім бөлімінің 2019  жылғы 22  сәуір  №107 нқ бұйрығына  сәйкес,  білім беру ұйымдарында  педагогикалық үрдісті жаңартуда инновациялық  педагогикалық технологияларды қолдану, педагогтардың  мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтарды анықтау мақсатында аудандық "Үздік педагог-2019" конкурсы өткізілді.      Нәтижесінде Ақшұқыр мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі  Айманов Бауыржан бас жүлде, М.Әбдіхалықов ...

3 мамыр 2019

Аудан соғысы ардагерлерімен кездесу

      2019 жылдың 03 мамыр күні Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында аудан соғысының батыры Қалмырза Берішбаевты еске алу мақсатында "Ұрпаққа үлгі болған ерлік" тақырыбында аудан соғысының ардагерлерімен кездесу болып өтті.  ...

26 қараша 2018

Жаратылыстану-математика пәндері мұғалімдерінің аудандық олимпиадасы

    Түпқараған аудандық білім  бөлімінің 12.11.2018 жылғы №537 нқ бұйрығына  сәйкес, жалпы білім беру  ұйымдарындағы пән мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерге қолдау көрсету, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру  мақсатында 2018 жылдың 22-23 қараша  күндері Ғ.Айдаров атындағы  №1 мектеп-лицейінде  жаратылыстану-математика пәндері мұғалімдерінің олимпиадасы өтті. ...

22 қазан 2018

Информатика пәні мұғалімдерінің "Алтын диск-2018" аудандық байқауы

     Аудандық білім бөлімінің 2018 жылы 9 қазандағы №252нқ бұйрығы негізінде, 2018 жылдың 18-19 қазан күндері информатика пәні мұғалімдерінің "Алтын диск-2018" аудандық байқауы өткізілді.      Қазылар алқасының хаттама  шешіміне сәйкес, төмендегі  мұғалімдер марапатталды: І орын - Ғаббас Гүлдария - Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп- лицейінің  информатика пәні  мұғалімі; ІІ орын - Қаражанова Жанна - М.Әбіхалықов атындағы  мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі; ІІІ орын -...

18 қазан 2018

Аудандық "Ең үздік веб-сайт" сырттай байқауы

       Аудандық білім бөлімінің 09.10.2018 жылғы №254 нқ бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 17 қазан күні аудандық "Ең үздік веб-сайт" сырттай байқауы өткізілді.Қазылар алқасының хаттама шешіміне орай, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы - І орын, Ақшұқыр мектеп-лицейі - ІІ  орын, Ғ.Айдаров атындағы  №1 мектеп-лицейі -ІІІ орын иеленіп, дипломдармен марапатталды.       Ж.Мыңбаев  атындағы  мектеп-гимназиясы  облыстық байқауға  жолдама  алды. Сәттілік!!!  ...

17 қазан 2018

Тарих және құқық пәндері мұғалімдерінің аудандық олимпиадасы

      Түпқараған  аудандық білім  бөлімінің 25.09.2018 жылғы №240 нқ бұйрығына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарындағы пән  мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік деңгейлерін  анықтау, педагог  кәсібінің  беделін арттыру мақсатында Шахта орта мектебінде 11-12 қазан  күндері тарих, құқық пәндері  мұғалімдерінің аудандық олимпиадасы өткізілді. Қазылар алқасының хаттама шешіміне орай, төмендегі  мұғалімдер марапатталды: І орын - Ідәнова Кенжегүл -Ақшұқыр мектеп-лицейінің тарих пән мұғалімі; І орын...

5 мамыр 2018

Аудандық ғылыми-тәжірибелік семинар

     Аудандық  білім бөлімінің 02.05.2018 жылғы №162 нқ бұйрығы негізінде, білім үйлестіру орталығының жетекші мектептермен жұмыс жоспарына сəйкес, аудандағы серіктес мектептер  арасында 5 мамыр күні М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясында "Сыныпта оқытуды басқарудың  білім беруде  жоғары  жетістіктерге  қол жеткізудегі тиімділігі" тақырыбында аудандық  ғылыми-тәжірибелік семинары өтті.           Семинардың мақсаты: Оқытуды жақсартуға бағытталған тиімді əдістердің артықшылықтарын насихаттау...

Соңғы хабарлар

12

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

13


Мектептер


Оқушылар саны

8572

Ұлдар: 4346 (50.7%)
Қыздар: 4226 (49.3%)


Мұғалімдер саны

713

Ерлер: 95 (13.3%)
Әйелдер: 618 (86.7%)

ҚР мемлекеттік рәміздері