0
Ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні Ақшұқыр ауылындағы Ақшұқыр мектеп -лицейі, Әбдіхалықов атындағы мектеп -гимназиясының және Ақшұқыр мектеп -гимназиясының ата аналарымен жиналыс өткізілді.
2023 жылдың 11-15 қыркүйек күндері «Назар аударыңыз-балалар!» жедел –профилактикалық іс-шаралар аясында білім бөлімінің ұйымдастырылуымен ата-аналар жиналысын өткізу жоспарланды.
Ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні Ақшұқыр ауылындағы Ақшұқыр мектеп -лицейі, Әбдіхалықов атындағы мектеп -гимназиясының және Ақшұқыр мектеп -гимназиясының ата аналарымен жиналыс өткізілді.
Жиналысқа Түпкараған аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция бөлімшесі ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы полиция капитаны Жалиев Қайрат Азатұлы, Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ринат Нұржанұлы қатысты.
Білім бөлімінің басшысы А.Утесбаева жиналыс барысында 2022-2023 оқу жылының қорытындысы, ҰБТ мәселесі, грант , білім сапасы , сабақ кестесі, мектеп формксы, білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі бойынша айтып өтті.
Р Нұржанұлы мен Қ Жалиев құқықбұзушылықтың алдын алу, рейд өткізу, жолдағы қауіпсіздік:
жол-көлік оқиғаларының қауіпі жоғары, сондықтан балаларға көше мен жолда мұқият болуды ескеру сияқты шараларына тоқталды.
26 желтоқсан 2019
"Психологиялық зерттеулер мен тәжірибедегі инновациялық технологиялар" тақырыбында конференция
22 желтоқсан - адам жан саулығының сақшысы бола білген психолог мамандардың кәсіби мерекесі. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні Түпқараған аудандық білім жүйесін дамыту орталығының іс-қимыл жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының психологтарына "Психологиялық зерттеулер мен тәжірибедегі инновациялық технологиялар" тақырыбында конференция болып өтті. Психологтар жұмысымен қоғамды таныстыру, психологтардың статусын көтеру, білім жүйесін...15 қараша 2019
Жетекші мектеп семинары
Ағымдағы жылдың 14 қараша күні Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында серіктес мектептер арасында «Сабақта оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану» тақырыбында семинар болып өтті. Семинарға жетекші мектепке қарасты 5 мектептен мұғалімдер қатысты. Өткізілген ашық сабақтар мен шебер сынып, коучинг және сыныптан тыс шаралардан үлкен әсер алып, тәжірибелерімен бөлісті. Жаңартылған оқыту бағдарламасы шеңберінде сабақ өткізген тарих пәнінің мұғалімі Дүйсебек Зулейха, география пәнінің мұғалімі...3 мамыр 2019
"Үздік педагог-2019" конкурсы
Ағымдағы жылдың 03 мамыр күні аудандық білім бөлімінің 2019 жылғы 22 сәуір №107 нқ бұйрығына сәйкес, білім беру ұйымдарында педагогикалық үрдісті жаңартуда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану, педагогтардың мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтарды анықтау мақсатында аудандық "Үздік педагог-2019" конкурсы өткізілді. Нәтижесінде Ақшұқыр мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Айманов Бауыржан бас жүлде, М.Әбдіхалықов ...3 мамыр 2019
Аудан соғысы ардагерлерімен кездесу
2019 жылдың 03 мамыр күні Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында аудан соғысының батыры Қалмырза Берішбаевты еске алу мақсатында "Ұрпаққа үлгі болған ерлік" тақырыбында аудан соғысының ардагерлерімен кездесу болып өтті. ...26 қараша 2018
Жаратылыстану-математика пәндері мұғалімдерінің аудандық олимпиадасы
Түпқараған аудандық білім бөлімінің 12.11.2018 жылғы №537 нқ бұйрығына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарындағы пән мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерге қолдау көрсету, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру мақсатында 2018 жылдың 22-23 қараша күндері Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінде жаратылыстану-математика пәндері мұғалімдерінің олимпиадасы өтті. ...22 қазан 2018
Информатика пәні мұғалімдерінің "Алтын диск-2018" аудандық байқауы
Аудандық білім бөлімінің 2018 жылы 9 қазандағы №252нқ бұйрығы негізінде, 2018 жылдың 18-19 қазан күндері информатика пәні мұғалімдерінің "Алтын диск-2018" аудандық байқауы өткізілді. Қазылар алқасының хаттама шешіміне сәйкес, төмендегі мұғалімдер марапатталды: І орын - Ғаббас Гүлдария - Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп- лицейінің информатика пәні мұғалімі; ІІ орын - Қаражанова Жанна - М.Әбіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі; ІІІ орын -...18 қазан 2018
Аудандық "Ең үздік веб-сайт" сырттай байқауы
Аудандық білім бөлімінің 09.10.2018 жылғы №254 нқ бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 17 қазан күні аудандық "Ең үздік веб-сайт" сырттай байқауы өткізілді.Қазылар алқасының хаттама шешіміне орай, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы - І орын, Ақшұқыр мектеп-лицейі - ІІ орын, Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейі -ІІІ орын иеленіп, дипломдармен марапатталды. Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы облыстық байқауға жолдама алды. Сәттілік!!! ...17 қазан 2018
Тарих және құқық пәндері мұғалімдерінің аудандық олимпиадасы
Түпқараған аудандық білім бөлімінің 25.09.2018 жылғы №240 нқ бұйрығына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарындағы пән мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, педагог кәсібінің беделін арттыру мақсатында Шахта орта мектебінде 11-12 қазан күндері тарих, құқық пәндері мұғалімдерінің аудандық олимпиадасы өткізілді. Қазылар алқасының хаттама шешіміне орай, төмендегі мұғалімдер марапатталды: І орын - Ідәнова Кенжегүл -Ақшұқыр мектеп-лицейінің тарих пән мұғалімі; І орын...5 мамыр 2018